Сырым ауданында волейболдан ауданның ашық турнирі өтті. Жарыстың салтанатты ашылуына Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы Максим Тілегенов, “Қайсар” спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов, “Сырым жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Маратұлы қатысты.
Шараны әнші Сәлімжан Әубакіров әнмен ашты.
Спорттық доданың ұраны - “Заң мен тәртіп”. Жарыстың ұйымдастырылуына ұсыныс білдірген Сырым ауданының прокуратурасы аудан тұрғындарын құқықтарын жетік білуге, заң аясында тұрмыс кешуге шақырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты елге Жолдауында:
- Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. - деген еді. Заң мен тәртіп - шектеу не ереже емес, біздің бақуатты өміріміздің кепілі.
Волейбол жарысына Сырым ауданынан бөлек, Теректі, Тасқала аудандарының ардагер спортшыларын құралған командалар қатысты. Кубокты Жосалы ауылдық округінің әуедопшылары елге алып қалды.