ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ - ҚАУІПСІЗ ӨМІР КЕПІЛІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ - ҚАУІПСІЗ ӨМІР КЕПІЛІ
Бүгін Сырым аудандық Полиция бөлімі “Құқықтық сауат - қауіпсіз өмір кепілі” тақырыбында тұрғындар арасында құқық қорғау және алаяқтыққа байланысты сауалнама жүргізіп, ақпараттық жаднамалар таратты.
Сауалнаманың мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың және алаяқтықтың алдын алу, заң талаптарын түсіндіру және тұрғындардың пікірін білу. Сауалнама барысында тұрғындарға құқықтық мәдениетке қатысты сұрақтар қойылып, өз құқықтарын білу деңгейін тексерді.
Мұндай маңызды сауалнамалар - қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен заңға деген құрметті қалыптастырудың бірден-бір тиімді жолы.
Құбаева Нұрайлым ✍🏻