
Сырым ауданы әкімі Т.Төреғалиевтың 2020 жылдың 1 қазанындағы № 156 өкімімен Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі лауазымына арнайы тексерістің нәтижелері келгенге дейін уақытша тағайындалды.
Танзенов Данял Жұпмағамбетұлы 1984 жылы 11 қарашада Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары.
Еңбек жолын 2006 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универститетінде оқытушы болып бастап, кейін Орал гуманитарлық колледжінің тарих және география пәндерінің оқытушысы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің тарих және география пәндерінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, 2017 жылдан бастап университет жанындағы «Рухани жаңғыру институтының ғылыми қызметкері лауазымында қызмет атқарып келді.