Партия хатшысы Сырым өңіріне келді.

Партия хатшысы Сырым өңіріне келді.

Сырым ауданының орталығы Жымпитыға "Nur Otan" партиясының хатшысы Әлібек Әлденей, саясаттанушы, Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров және "Nur Otan" партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Ә.Әлденей мен Е.Саиров сырымдық партияішілік сайлауға кандидаттармен жүздесіп, олармен диалог форматында пікір алмасып, кандидаттардың сұрақтарына тұшымды жауаптар берді.
Одан бөлек, праймеризге үміткерлер арасындағы қоғамдық пікірталасқа қатысып, партия мүшелеріне сәттілік тіледі.