Меню

Страницы

Статья

Мәдениет


Өткен жылы Республикалық IV рет Қадыр оқулары байқауы, «Ақындардың жыры сенсің Азаттық» атты Батыс Қазақстан облыстық оқушылар мен жастар айтысы, Майдангер жазушы Жәрдем Тілековтың 110 жылдығына орай шаралар, «Еркіндік осы арада тәй тәй басқан» атты Батыс Қазақстан облысы ақындарының қорытынды «Сырым семсері» айтысы өтті.
2021 жылы Румыния елінде өткен қол күресінен еліміздің құрама сапында өнер көрсеткен Бұлдыртылық жас қыз Рустамова Гаухар әлем чемпинатында алтын жүлдені жеңіп алды.
Өткен жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне 50 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өткізіліп, облыс аудандарынан Бәйтерек, Тасқала және өзге облыстардан Атырау, Ақтөбе, Қызылордадан жас палуандар қатыстырылды.
Ағымдағы жылы Сырым Датұлының 280 жылдығы, Алаш зиялысы Жаhанша Досмұхамедовтің 135 жылдығы аясында 300-ге жуық мәдени-көпшілік және бұқаралық спорттық іс шаралар бастау алып, жалғасын табуда.
Мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында Жымпиты ауылынан С.Датұлы атындағы мұражай реконструкциядан өткізілді. Қазіргі таңда аудан орталығында музей ғимаратына бейімдеу үшін жөнделген нысанға музей экспозициясын жасау үшін заманауи үлгідегі жабдықталатын экспозиция жұмыстарының шығынына 60 млн-ға жуық қаражат қажеттілігі туындап отыр.
Елімізде қабылданған «Өңірлерді дамыту», т.б. мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңадан Тасқұдық, Көгеріс елді мекендерінен спорт алаңдары салынса, Қосарал елді мекенінен streetworkout алаңы жасақталды.
Қазіргі уақытта Көздіқара және Жырақұдық ауылдарында спорт алаңдарының құрылысы басталып, шілде айында аяқталатын болады.
Бұлдырты ауылындағы 50 көрермен орындық спорт зал құрылысының жобасы дайындалып, ағымдағы жылы іске асырылуға жұмыстар жүргізілуде.
Аудандағы мәдениет және спорт саласының базасын одан әрі жақсарту мақсатында Жымпиты ауылынан кітапхана салу, Тоғанас ауылынан мәдени-демалыс орталығын салу сынды жобалар мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Алғабас мәдениет үйі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары бойынша қазіргі уақытта республикалық бюджеттен қаржы қарастырылып, алдағы уақытта жөндеу жұмыстары басталатын болады.

Дата публикации
04 июля 2022
Дата обновления
04 июля 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Сырым ауданы әкімдігінің ресми фейсбуктегі парақшасы
Инстаграмдағы ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы