Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. (ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 338- бабы).
Мемлекеттік кірістер органдарымен ҚР-ның Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі) кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе ҚР-ның заңнамасын бұза отырып пайдаланатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша базалық мөлшерлері жиырма есеге ұлғайтылады.
Егер Сіз жер учаскесін мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізіміне (яғни,қара тізімде) іліксеңіз ҚР-ның Жер кодексінің 43-1-бабының, 8-тармағы және 96-1-бабының, 4-тармақтарына сәйкес Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға қатыса алмайсыз және үш жыл бойы жер учаскелері берілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Сондықтан, ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу мақсатында өз иелігіңіздегі жер учаскеңізді дер кезінде пайдалану немесе өз еркіңмен бас тарту қажет (ҚР Жер кодексінің 82- бабы және 92-баптың 3- тармағы).
«Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» ММ, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47. Тел: 30-70-21.