Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2021 жылдың 11 қараша күні Бұлдырты ауылдық округі әкіміне үміткер болып, «Қазақстан Халық партиясы» ұсынуымен Ессұлтанов Жомарт Сағидоллаұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды. Ол Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі Жымпиты ауылының тұрғыны білімі жоғары.
Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауыл әкімі үміткерін Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкестігін анықтайтын болады.