Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ өзінің салымшыларына 210 миллиард теңгеден астам қаражат төледі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2020 жылғы 31 қаңтар

БЖЗҚ өзінің салымшыларына 210 миллиард теңгеден астам қаражат төледі

 

2019 жылдың 12 айында 314 мыңнан астам алушы үшін 210 миллиард теңгеден астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды. Оның ішінде:

          - зейнет жасына толуға байланысты – 69,8 млрд теңге;

- мүгедектігі бар жандарға – 1,8 млрд теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 50,5 млрд теңге;

- мұрагерлік бойынша – 27,9 млрд теңге;

- жерлеуге байланысты – 3,2 млрд теңге;

- өмірді сақтандыру бойынша ұйымдарға – 56,9 млрд теңге

- басқа тұлғаларға – 0,1 млрд теңге төленді.

Кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 21 165 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем – 514 666 теңге болды. Салыстыра қарасақ, 2018 жылы БЖЗҚ-дан 168,6 млрд теңге төленді. Бұл жерде өсім сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдарға байланысты болып отыр. Мысалы, 2018 жылы 26 млрд теңге, ал 2019 жылы бұдан екі есе жоғары – 56,9 млрд теңге аударылды. Оған басты себеп – былтырғы жылы зейнетақы аннуитетін алу үшін міндетті зейнетақы жарналарымен (МЗЖ) бірге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан (МКЗЖ) қалыптасқан жинақтарды пайдалану мүмкіндігі туындады.     

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

Дата публикации
03 февраля 2020
Дата обновления
07 марта 2020
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Сырым ауданы әкімдігінің ресми фейсбуктегі парақшасы
Инстаграмдағы ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы