Қыс – адамға, қоғамға, қоршаған ортаға және экономикаға белсенді және күшті әсер ететін табиғаттың кең тараған құбылыстарының бірі. Қар жауу мен борандар қоғамдық және шаруашылық іс-әрекеттерінде үлкен қиындықтар мен проблемалар орын алады (көлік жұмысының тоқталуы, байланыстың бұзылуы, адамдар мен малдың өлімі және т.б.).
12 сағат ішінде қалыңдығы 50 см қар жауу және үй төбелерінен мұздықтар құлау, көшелерде көк тайғақ және қарлы қатқақ, ерекше қауіпті болып саналады.
Борандар қарды тығыздап, бір аймақтан екінші аймаққа көшіреді, бұл қар жамылғысы су ресурстарының аумақ бойынша тең емес бөлінуіне себепші. Сонымен бірге, борандар мол қар бұрқасындарының пайда болуына себеп болады.
Синоптиктер дауылдар мен қарлы борандарды бір қалыпты жылдамдықпен таратылатын төтенше жағдайларға жатқызады. Сондықтан ТЖ жөніндегі органдарының хабарлау арналары арқылы дауылды ескертулерді алдын ала жариялауға мүмкіндік туады. Дауыс зорайтқыш арқылы «Баршаның назарына!» атты ескерту дабылдың берілуін білдіреді. Дабылды естігеннен кейін, радио, теледидардың жергілікті арнасын қосып, ТЖ департаментінің жедел хабарламасын тыңдап және оның нұсқауы бойынша әрекеттер жасау қажет.
Дауыл ескертулерді қабылдау кезіндегі халықтың іс-әрекеттері:
Жедел хабарламаны назар бөліп тыңдау, оны түсіну, өз әрекеттерін алдын ала ойластыру.
Үйлерде және ғимараттарда: терезелерді, желдеткіштерді, есіктерді, шатыр астын және желдету орындарын тығыз жабу қажет. Ауладан, балконнан, лоджиядан, желмен ұшуы ықтимал заттарды, жинап қою. Жылы киім-кешек, су, тамақ және дәрі-дәрмек қорын, шағын шам, май шам, керосин шам, тасымал қабылдағыштар, құжаттар мен ақшаны дайындап қою. Аулаға және көшелерге шығуды шектеу.
Қыс уақытында жолға шығу кезінде сақтауға тиісті, бірқатар жалпы қарапайым ережелер:
Сырым ауданының ТЖБ
бас маманы
азаматтық қорғау
аға лейтенанты С.Әнес