Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысындағы бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау,
сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына» сәйкес халықтың пікірін ескеру мақсатында 2020 жылдың 24 ақпаны күні сағ. 10.00-де Аралтөбе ауылдық мәдениет үйінде жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілетіндігін хабарлайды.
Күн тәртібіндегі «Аралтөбе ауылындағы қосарланған Абай көшесінің бір бөлігіне, жаңадан көше атауын беру» жөніндегі жергілікті қоғамдастық жиналысына ауыл тұрғындарының қатысуы сұралады.