10 Қаңтар 2020
Теректі ауданының Әкімдігі Ауылшаруашылығын жүргізу үшін арналған жер телімін беру үшін конкурсын 2020 жылдың 20 ақпанның сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы Сұңқар көшесі 20 мекен-жай бойынша Теректі ауданы Әкімдігінің кіші залында өткізеді.
Жер телімінің тізімі
|
Лот № |
Жер телімінің қысқаша мазмұны, соның ішінде: құрамы мен түрлері, бонитет балы (әрі қарай – балл б.) |
Ауданы, |
Жалға беру мерзімі, жыл |
Жер телімінің орналасқан жері (шаруашылық пен елді мекен арасының орташа қашықтығы) |
|
1 |
егістік, орташа балл б. – 29 |
48 |
10 |
Богдановка а/о, Богдановка а. дейін – 2 км |
|
2 |
жайылым, орташа балл б. - 22 |
200 |
10 |
Ақсоғым а/о, Бозай а. дейін – 3,2 км |
|
3 |
жайылым, орташа балл б. - 22 |
134 |
10 |
Ақсоғым а/о, Ақсоғым а. дейін - 9 км |
|
4 |
шабындық, орташа балл б. - 24 |
338 |
10 |
Ақсуат а/о, Ақсуат а. дейін – 4 км |
|
5 |
егістік, орташа балл б. - 29 |
1533 |
10 |
Богдановка а/о, Сарсеново а. дейін – 14 км |
|
6 |
егістік, орташа балл б. - 29 |
1090 |
10 |
Богдановка а/о, Сарсеново а. дейін – 14 км |
|
7 |
егістік, орташа балл б. - 23 |
1580 |
10 |
Ақсоғым а/о, Улкен Енбек а. дейін – 5,2 км |
|
8 |
жайылым, орташа балл б. - 30 |
300 |
10 |
Покатиловка а/о, Покатиловка а. дейін – 7 км |
|
9 |
егістік, орташа балл б. - 38 |
170 |
10 |
Федоровка а/о, Федоровка а. дейін – 4,2 км |
|
10 |
жайылым, орташа балл б. - 19 |
104 |
10 |
Шағатай а/о, Шағатай а. дейін – 7 км |
|
11 |
жайылым, орташа балл б. - 19 |
307 |
10 |
Шағатай а/о, Шағатай а. дейін – 7 км |
|
12 |
егістік, орташа балл б. - 27 |
238 |
10 |
Ақжайық а/о, Карасу а. дейін – 3,2 км |
|
13 |
егістік, орташа балл б. - 27 |
300 |
10 |
Ақжайық а/о, Карасу а. дейін – 4 км |
|
14 |
егістік, орташа балл б. - 27 |
240 |
10 |
Ақжайық а/о, Карасу а. дейін – 4 км |
|
15 |
егістік, орташа балл б. - 29 |
326 |
10 |
Новопавловка а/о, Новопавловка а. дейін – 3 км |
|
16 |
егістік, орташа балл б. - 31 |
463 |
10 |
Приреченое а/о, Приреченое а. дейін – 19 км |
(Мәтіндегі қысқартылым: балл б.- бонитет балы, а/о. - ауылдық округ, а. - ауыл, қ.- қала)Жер телімін беру шарты – ауылшаруашылығын жүргізу үшін. Міндетті талап - мақсатқа сәйкес жерді ұтымды пайдалану.
Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжат және конкурстық өтінім беру қажет.
Конкурстық ұсыныста болуы қажет:
1) конкурсқа қатыға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
Конкурстық ұсыныста:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.
Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы Сұңқар көшесі 20 үй Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі. Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2020 жылдың 19 ақпан күні сағат 12.00-ге дейін. Конкурсқа қатысушылар конверттерді ашу үшін 2020 жылдың 20 ақпан күні сағат 10.00-де келуіңіз сұралады.
Конкурс бойынша қосымша ақпаратты (өтінім формасы мен конкурс ережелері) келесі сайт бойынша қарауға болады: http://ozo.websoft.kz/ru/ немесе телефон арқылы 8(71132)-23-3-49 - «Теректі ауданының жер қатынастары бөлім» ММ.