Меню

Страницы

Статья

САУДА-САТТЫҚ ӨТКIЗIЛЕТIНДIГI ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

САУДА-САТТЫҚ ӨТКIЗIЛЕТIНДIГI ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Сырым ауданының әкімдігі 2021 жылғы 26 мамыр Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағ. 10:00-де демалыс орнын ұйымдастыру және кәсіпкерлік мақсаты үшін нысаналы мақсатымен жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөнінде www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аукцион өткізетіндігін хабарлайды.

Жер учаскелерін жалдау құқығын сату Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционда сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізбесі:

р/с№

 

Орналасқан жері

Ауданы,

га

Жалға алу мерзімі

Бастапқы бағасы, теңге

Кепілдік жарна сомасы теңге

1.

ҚР, БҚО, Сырым ауданы, Бұлан ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Шідерті өзенінің жағасы

2.0

36 ай

2 750 000

145850

2.

ҚР, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылдық округі, Жымпиты ауылы, Қолғанатов көшесі

0,0800

36 ай

205 200

145850

3.

ҚР, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылдық округі, Жымпиты ауылы

0,0800

36 ай

205 200

145850

4.

ҚР, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылдық округі, Жымпиты ауылы, Қолғанатов көшесі

0,0750

36 ай

192 375

145850

5.

ҚР, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылдық округі, Жымпиты ауылы, Асадуллин көшесі

0,1500

36 ай

384 750

145850

6.

ҚР, БҚО, Сырым ауданы, Жымпиты ауылдық округі, Жымпиты ауылы, Сағырбаев көшесі

0,025

36 ай

641 250

145850

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Сауда-сатыққа қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді: Төлемді алушы  «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455; «Қазақстан Халық банкі» АҚ; есеп-айырысу шоты (IBAN/ИИК) KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX, ТТК: 171; Кбе: 16.

Аукционға қатысу үшін мыналарды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.

Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционды өткізу тәртібі:

1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеген болып танылады;

2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі қағидаға сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады;

3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады.

Жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы қатысушылардың бірі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі.

Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша бағаны көтеру аукционы өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға көтеруді кемінде екі қатысушы жүзеге асырады.

Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды.

Аукционды ұйымдастыру сұрақтары бойынша қосымша ақпаратты +7 (7113) 431114 телефоны бойынша ұсынылады.

Дата публикации
07 мая 2021
Дата обновления
07 мая 2021
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Сырым ауданы әкімдігінің ресми фейсбуктегі парақшасы
Инстаграмдағы ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы