Сырым ауданы әкімі аппараты жас мамандарды даярлау мақсатында студенттерді тәжірибеден өткізуге үнемі қолдау көрсетеді. Сондай жастардың бірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Менеджмент»( https://www.kaznu.kz/) кафедрасы, "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының 4 курс студенті Джангужиева Инаргүл Нұрланқызы "Сырым ауданы әкімінің аппараты" ММ-де ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінде өндірістік тәжірибеден өтуде.