Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің есептік кездесуі кезінде Whatsapp желісі арқылы түскен сұрақтар

Аудан әкімінің есептік кездесуі кезінде Whatsapp желісі арқылы түскен сұрақтар:

******

Шайдоллиева Гүлжаухар

Мен Жосалы ауылының тұрғынымын. Тұрғын үйіме интернет желісін қосып беруді сұраймын?

Жауап:

Сіз «Қазақтелеком» АҚ Сырым аудандық өндірістік торабына сұраныс түсіргенсіз, сұранысыңыз бойынша құрылғы (приставка) келген, алайда, қызмекерлер тексерген кезде ақау екені анықталғандықтан кері қайтарылған. Басқа құрылғы келгеннен кейін Сіздің тұрғын үйіңізге интернет желісі ID теледидарымен бірге қосылатын болады.

 

******

Бапакова Гулдерайым

Мен Жымпиты ауылы, Жолдыбаев көшесі №3 үйдің тұрғынымын. Тұрғын үйімнің үстінен 3 фазалық сым, яғни ток өтіп тұр, соны алдырту үшін қайда жолығу қажет?

Жауап:

Сіз тұрғын үйінің құжаттарымен аудандық электр торабы мекемесіне жолығуыңыз қажет.

 

******

Жұмағалиев Әзілхан

Мен Көздіғара ауылының тұрғынымын, кооперативтің төрағасымын, асыл тұқымды бұқаларым бар. Мал жайылымына 500 га жер сұраймын?

Жауап:

Ауыл шаруашылығы кооперативтері мемлекеттік емес заңды тұлға болып табылады және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану құқығы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Нақты қажетті жер көлемі бойынша толық ақпаратты Сырым аудандық жер қатынастары бөліміне жолығу арқылы алуға болады.

 

******

Гумарова Жадыра

Жырақұдық ауылы. 1) басты проблема ауылдағы су ақбұлақ қашан келеді? 2) интернет Wifi ауылға келеме? 3) ауылға спорт кешені сияқты шағын болсада үйірмелер ашылса деймін. 4) ауылдың тұрғындарының кемшілігі көше бойына жолға (памой) кір су төгеді, соны ауылдың әкіміне ескертсе әр үй өз ауласына памойға шұңқыр қаздыртса деймін, балалар жаман жерді баспаса.

Жауап:

Бірінші сұрағыңыз бойынша: 2020 Қособа, Жырақұдық ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамасы жасақталды. Облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді.

Екінші сұрағыңыз бойынша:  Қособа ауылдық округінде қазіргі уақытта 3G форматындағы ұялы байланысы қолданыста, Алдағы уақытта интернет жылдамдығы жөнінде байланыс операторларына  ұсыныс берілетін болады.

Үшінші сұрағыңыз бойынша:  Жырақұдық ауылындағы мектеп жасындағы балаларды спорттық үйірмелерге тарту мақсатында жасөспірімдердің икемдігіне қарай дзюдо спорт түрінен үйірмеде қолданыстағы тәртіпке сай  14 жасөспірім шынығуда. Басқа да спорттық үйірмелер ашу мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде облыстық спорт басқармасына ұсыныс берілетін болады.

Төртінші сұрағыңыз бойынша:  Көше тазалығын сақтау мақсатында өткен жылы 6 дана қоқыс салатын жәшіктер қойылды. Биылғы жылы тағы да 6 дана қойылатын болады. Сұйық қалдықтарды көше бойына төкпеу жөнінде тұрғындармен түсінік жүргізіліп келеді. Тұрғындар тарапынан түсіністік болады деген үміттеміз.

 

******

Сайғожиева Жаннат

Мен Бұлдырты ауылының тұрғынымын. Көп балалы анамын. Былтыр мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие грант алып шағын шаруашылығымды ашқанмын. Тоқтылар сатып алдым, енді сол шаруамды алға қарай жалғастырып кеңейте түсу үшін мемлекет тарапынан тағы жеңілдетілген несие алғым келеді. Биыл сондай несиелер берілсе мені тізімге тіркеп қойсаңыз деген өтініш.

Жауап:

Өз шаруашылығыңызды одан әрі дамыту үшін  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 6 % пайызбен несие алуға толық мүмкіншілігіңіз бар. Ол үшін талаптарға сәйкес құжаттарыңызбен халықты жұмыспен қамту орталығына жолығуынызға болады.

 

******

Аскербек Сериккалиевич

Қайырлы күн. А.Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебі. Біздің мектеп 1988 жылы қолданысқа берілген болатын содан бері қарай ағымдағы жөндеулер болғанымен күрделі жөндеу өтпеген болатын, сол жақын арада жүзеге асама?

Жауап:

Жосалы мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық білім беру бөлімі тарапынан облыстық білім басқармасына ұсыныс берілді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын жасақтау биылғы жылы жоспарланып отыр.

 

******

Шналиев Ерболат

Жымпиты ауылының тұрғыны. Жымпиты ауылына қашан су тұрақты беріледі екен?

Жауап:

Қазіргі кезде Кеңащыдан бір тәулік ішіндегі 15 сағатта 600 тонна су беріліп отыр. Суды 24 сағат беруге мүмкіндік болғанымен судың да сұрауы бар екенін тұрғындар ұмытпаса екен. Жалпы ауыз су Жымпиты және Өлеңті ауылдарына бекітілген кестеге сәйкес таңертеңгі, түскі, кешкі уақытта беріліп келеді.

 

******

Роза Күнтуарова

Ассалаумағалейкүм! Биылғы жылы Алғабас ауылына 10 тұрғын үй салына ма?

Жауап:

Алғабас ауылы бойынша тұрғын үй кезектілігінде 19 азамат бар. Тұрғын үйге мұқтаж жандар тізімі жылма жыл толығуда. Бұл мәселені көтеруіңіз орынды. Алғабас ауылынан 10 тұрғын үй салуға жобалық-сметалық құжаттама дайын. Облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды, қолдау тапқан жағдайда жүзеге асырылатын болады.

 

******

Кабулов Айдос

Ассалаумағалейкүм! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Аралтөбе ауылында тозығы жеткен электр бағандарын темір-бетон бағандарын ауыстыру басталды да тұрып қалды, осы жұмыс алдағы уақытта жалғасын таба ма? Аралтөбе ауылының тұрғыны.

Жауап:

Аралтөбе ауылы бойынша 2019 жылы 0,4 кв әуе желісінің 30 дана темір бетон бағанасы кабелімен ауыстырылды, 2020 жылы мұндай жұмыстар жүргізілген жоқ. Биылғы жылы «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ облыс әкімдігінің теңгеріміне берілуде. Қазіргі уақытта 2021-2025 жылдарға модернизациялау жұмыстарына жоспарлар жасақталуда. Аудан бойынша тозығы жеткен, жөндеуді қажет ететін электр желілері кезең кезеңімен сол жоспарға енгізілетін болады.

 

******

Сагадат Дилмухашев

Қособа ауылынын тұрғынымын. Қособа ауылымен аудан орталығындағы жолды күтіп ұстау қай мекеменің құзырында? Қысы-жазы бір тегістеп  қырып жүргенін көрмедік.

Жауап:

Сырым ауданы бойынша жаз, қыс мезгілінде аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау мақсатында «Сырым» МКК-мен келісім шарт жасақталып, қазіргі таңда жолды қардан аршу, қыру және тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар бақылауда болады.

 

******

Қызылағаш ауылының тұрғындары

Қызылағаш ауылы тұрғындарын таза ауыз сумен қамту жөнінде қандай жоспар бар?

Жауап:     

2021 жылға жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға мемлекеттік сатып алу заң талаптарына сәйкес конкурс жарияланды. Осы ЖСҚ аяқтау ағымдағы жылға көзделген. Жоба дайын болғаннан кейін тиісті басқармаға бюджеттік өтінім берілетін болады.

 

******

Абай көшесінің тұрғындары тыл ардагерлері,  көп балалы аналар.

Құрметті әкім Сізге қоятын сұрағым Абай көшесінде №39 және №55 нөмерлі тұрғын үй  аралығында жол салынбаған көктем-күз мезгілдерінде көлік өте алмайды, тротуарда жоқ. Бұл мәселе қашан шешімін таппақ?

Жауап:

Абай көшесіндегі №39 және №55 нөмерлі тұрғын үй  аралығындағы жолды жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасақталмаған. Абай көшесіне ұзындығы 760 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолын жасақтауға жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Қаржыға байланысты алдағы уақытта кезең кезеңімен жүзеге асырылатын. 

 

******

М.Арыстанов

Қайырлы күн! 1) Жымпиты ауылы Ж.Молдағалиев көшесіне қашан жол төселеді екен? 2)  Кеңащыдан тұщы су тарттық деп Сырым еліне жар салдық. Неліктен лас су әлі күнге ағады? Ж.Молдағалиев көшесі №1А үй тұрғынымын.

Жауап:

Бірінші сұрағыңыз бойынша: 2021 жылға Жымпиты ауылының Ж.Молдағалиев, Б.Момышұлы, С.Жонысов, Е.Сатаев көшелері бойындағы ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда. ЖСҚ жасақталғаннан кейін БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныстар берілетін болады.

Екінші сұрағыңыз бойынша: Себебін анықтау үшін тұрғын үйіңізге мамандар жіберілетін болады.

 

******

Бекжанов Руслан Бахытович

Ассалаумағалейкүм! Бұлдырты бөлімінің еркін күрес жаттықтырушысымын. Бұлдыртыға биыл спорт зал салынама екен? Ауылдың бүлдіршіндері күтіп жүргендеріне 2-3 жыл болды біздің ауылда еркін күрес, қол күресі, волейбол, би үйірмесі жақсы дамыған.

Жауап:

Бұлдырты ауылынан дене-шынықтыру сауықтыру кешенін салу жобасы бар. Қаржы қарастыру жөнінде БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсыныс берілді. Қаржыға байланысты шешілетін болады.

 

******

Аккайрова Айымгул

Саламатсызба, Абай фельдшерлік акушерлік пункітінің құрылысы қашан басталады?

Жауап:

Бүгінгі күнге біздің тарапымыздан Шағырлой ауылынан жер учаскесі таңдалып, облыстық денсаулық басқармасына ұсыныс жолданды

 

******

Азамат Кудяров

Жымпитыда ұялы байланыс билайн 4G қашан қосылады? Сабақ оқуға қиындық тудыруда.

Жауап:

Жымпиты ауылдық округінде 4G форматындағы ұялы байланысы бар, алайда байланыс операторларына сапасын жақсарту және жетілдіру жөнінде  ұсыныс берілетін болады.

 

******

Дилмукашев Санжар

Құрметті Төлеген Серікқалиұлы! Мен Қособа ауылынын тұрғынымын. Бізде 2 жыл қатарынан көлге шығатын су бөгетін Өлеңті өзеніндегі шлюзді уақыты жетпей ашып жібереді. Биыл соны нақты қадағалап ашқызбай мамыр айына дейін ұстап тұрса дейміз. Ертеде мамырдың 8-9 күндері менің әкем ашып жүрген. Былтыр сәуір айында ашып ағызып жіберді. Оның алдынғы жылы наурыз айында ашып жіберді. Сізден өтінеріміз шлюзді қадағалап мамыр айында ашса екен дейміз.

Жауап:

Көктемде су тасыған кезде көлдерге су шығару үшін күз мезгілінде су жіберу құрылғылары түгел жабылады. Су көлдерге тарағаннан кейін қайтадан  ашады. Қар суының аз болуына байланысты, яғни көлге шығатындай су келмегендіктен жеке тұрғындардың малына су болмағандықтан жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып су Өлеңтіге жіберілді.

 

******

Кулмурзин Миржан

Алғабас ауылында интернет қашан жөнделеді?

Жауап:

Алғабас ауылында интернет EVDO технологиясы бойынша жасап тұр. Ұялы байланыс сапасын жақсарту және жетілдіру жөнінде байланыс операторларына ұсыныс берілетін болады.

 

******

Аралтөбе тұрғындары!

Сәлеметсіз бе? Аралтөбе ауылындағы ауыз суды дұрыс пайдаланбау мәселесін қарасаңыз! Малдарды үйден суару, ауыз су үлкен мәселе болып жатқанда Шідерті өзені бар, көп жерде жоқ өзен. Ауыл сырттындағы қоқыс төгу орыны жинақталмайды, осы мәселелерде қарастырсаңыз.

Жауап:

Бірнші сұрағыңыз бойынша: Ауыз суды мақсатты, үнемді пайдалану, оны ысыраптауға жол бермеу – өте дұрыс мәселе. Аралтөбе ауылы тұсынан Шідерті өзені ағады, сондықтан тұрғындар жеке малдарын сол өзеннен суарулары керек. Алайда малдарын үйден суаратын тұрғындарға ескерту жасап, түсінік жұмыстары жүргізілетін болады.

Екінші сұрағыңыз бойынша: Ауыл сыртындағы қоқыс төгу орны жыл сайын көктемде техника күшімен үйіліп, жинақталады. Алдағы уақытта бұл мәселе қатаң қадағалауға алынып, тиісті шаралар қабылданатын болады.

 

******

ШАМГОНОВ АЗАМАТ

Алғабас ауылын тұрғыны бізде интернет. Қашан жақсарады екен, осыған тоқталып кетесіз бе?

Жауап:

Алғабас ауылында интернет EVDO технологиясы бойынша жасап тұр. Интернет желісінің жылдамдығын жақсарту жөнінде тиісті байланыс операторларына ұсыныс жасалатын болады.

 

******

Утегенов Нурболат

Бұлан ауылының кіре-беріс жол мәселесі жəне ұялы байланыс мәселесі қашан шешіледі екен? Бұлан ауылы

Жауап:

Бірінші сұрағыңыз бойынша: Бұлан ауылына дейінгі 2 шақырым кіре беріс жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталған. Биылғы жылы БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс берілді. Қаржыға байланысты шешімін табатын болады. 

Екінші сұрағыңыз бойынша: Биылғы жылы ұялы байланыс операторлары мен Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің меморандумына сәйкес халық саны 250-ден асатын елді мекендерге, яғни Көгеріс, Бұлан, Жамбыл, Қызылағаш, Қазақстан, Қарақұдық елді мекендеріне К-сеІІ компаниясының Актив 3G желісін орнату жоспарлануда.

 

******

Уразғалиев Рамиль

Алғабас ауылында ИНТЕРНЕТ желісі, БАЙЛАНЫС желісі ӨТЕ НАШАР! Қашан, қалай жөндеуге болады!

Жауап:

Алғабас ауылында интернет   EVDO технологиясы бойынша жасап тұр. Интернет жылдамдығын алдағы уақытта жоғарылату мақсатында байланыс операторларына ұсыныс берілетін болады.

 

******

Көгеріс ауылы тұрғындары

Саламатсыз ба. Көгеріс елді мекеніне қашан байланыс (сеть) қойылады? Қашанға дейін төбеге, қырға мініп сөйлесеміз?

Жауап:

Биылғы жылы ұялы байланыс операторлары мен Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің меморандумына сәйкес халық саны 250-ден асатын елді мекендерге, яғни Көгеріс, Бұлан, Жамбыл, Қызылағаш, Қазақстан, Қарақұдық елді мекендеріне К-сеІІ компаниясының Актив 3G желісін орнату жоспарлануда

 

******

Әбілхайырхан көшесінің тұрғындары

Саламатсыз ба? Әбілхайырхан көшесінде жол жоқ не жаяу жүргінші не көлікке. Көктем күз айларында жүру мүмкін емес. Біз көше тұрғындары  үшін үлкен бір мәселе. Ескеріп қадағалап қарап мәселені шешесіздерме? Біздің көшеге мүлдем қарамайды. Әбілхайырхан №2А дан бастап Удреев Мералы ағайдын үйіне дейін жаяу жүргінші жол керек емес, көше тар.

Жауап:

Ағымдағы жылы Жымпиты ауылының Мұхит, Қажымұқан, Әбілхайырхан көшелерінің жолдарын жөндеуге ЖСҚ жсақталады. ЖСҚ жасақталғаннан кейін алдағы уақытта БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныстар берілетін болады.

Дата публикации
20 февраля 2021
Дата обновления
20 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Сырым ауданы әкімдігінің ресми фейсбуктегі парақшасы
Инстаграмдағы ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы