Аудан әкімінің есептік кездесуі кезінде тікелей эфир барысында түскен сұрақтар:
Құбашева Жұмазия
Жетікөл ауылына жол мәселесі шешілсе екен, көктем мезгілінде қиындық туғызады.
Жауап:
Қосарал ауылына дейінгі жолдың әсіресе көктем, күз мезгілдерінде жүруге қиындық туғызатынын жақсы білеміз. Алайда, аталмыш жолды жөндеуге жоба жасақталмаған. Жоба жасақтау үшін БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына келісім алуға ұсыныс беріледі.
*******
Аяжан Ныгметжанова
Сәлеметсіз бе, Қызылағаш ауылының кіре беріс жолы қашан төселеді екен?
Жауап:
Самара-Шымкент тас жолынан Қызылағаш ауылына дейінгі 9 шақырым жолымен ауа-райының қолайсыз кезінде көліктерге жүруге мүмкіндік болмайды. Күрделі жөндеу жоспарда жоқ, себебі халық санына байланысты үлкен елді мекендерге басымдық беріледі. Сондықтан аталмыш жолға жылма жыл жай жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілетін болады
********
Айнамкоз Каримгалиева
Шоқанов көшесіне жол қашан төселеді?
Жауап:
Жымпиты ауылының Шоқанов көшесінің жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасақталмаған, Сырым ауданы бойынша түрлі деңгейдегі жолдардың жағдайын жақсарту үшін 2021-2025 жылдарға арналған
жоспарға Шоқанов көшесіне ЖСҚ жасақтау 2022 жылға жоспарланған.
********
Дастан Сейтжанов
Саламатсызба. Құспанкөл елді мекеніне мектеп салуынызды ауыл болып сұраймыз. Балаларымыздың кең әрі жарық мектепте оқыса екен дейміз.
Жауап:
Құспанкөл елді мекенінде мектеп жасындағы 22 бала бар, мұның сыртында даярлық сыныпқа баратын 6 бала бар. Елді мекендегі мектеп ғимараты ескі болғандықтан аудан әкімінің атынан облыстық білім беру басқармасына алдағы жылдарға мектеп салу мәселесі туралы ұсыныс хат жолданды.
********
Айдана Алдиярова
Жетікөл ауылына көшелерге қоқыс жәшіктерін қою үшін қаражат бөлінсе екен? Жол жөнделуді қажет етеді. Көктем-күз айларында жол қатынасы қиындайды. Ауыз су көзі мәселесі қаралса, су ащы болып тұр.
Жауап:
Бірінші сұрағыңыз бойынша: Елді мекен ішіндегі санитарлық тазалық, полигонды реттеу жұмыстары, сонымен қатар, елді мекен ішіне қойылатын қатты тұрмыстық қалдықтар салатын жәшіктерді уақытылы тазарту жұмыстары сенімгерлік басқару арқылы кәсіпкерлік ортаға берілуі қажет. Бұл жұмыстарды жүргізуге ниет білдіруші кәсіпкерлер болған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.
Екінші сұрағыңыз бойынша: Қосарал ауылына дейінгі жолдың әсіресе көктем, күз мезгілдерінде жүруге қиындық туғызатынын жақсы білеміз. Алайда, аталмыш жолды жөндеуге жоба жасақталмаған. Жоба жасақтау үшін БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына келісім алуға ұсыныс беріледі.
Үшінші сұрағыңыз бойынша: Бұрынғы ауыз су мұнарасының суы ащы болуына байланысты «Жайықгидрогеология» ЖШС жұмыстар жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатын болады.
*******
Geroy Sane
Өлеңті өзенінің проблемасын айтыңызшы. Неге тартылып қалған?
Жауап:
Соңғы жылдары қыс мезгілінде қардың аз мөлшерде түсуіне байланысты аудандағы Бұлдырты, Өлеңті, Шідерті, Аңқаты өзендері көктем мезгілігінде көтерілмей тұр. Сондықтан өзен суының деңгейі өте төмен екендігі байқалуда. Өзен жағлауларын тазалау жұмыстары еріктілермен жүзеге асырылады.
*******
Динара Кажгереева
Саламатсызба! Істеріңізге сәттілік. Құспанкөл ауылының электр жарығы жие сөнуі халыққа ынғайсыздық тудыруда, осы мәселені қарастырса деген өтініш бар.
Жауап:
2021 жылдан бастап «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ облыс әкімдігінің теңгеріміне берілуде. Қазіргі уақытта 2021-2025 жылдарға модернизациялау жұмыстарына жоспарлар жасақталуда. Аудан бойынша тозығы жеткен, жөндеуді қажет ететін электр желілілері кезең кезеңімен сол жоспарға енгізілетін болады.
******
Сагидолла Каирбол
Алғабас ауылына интернет қашан қондырылады?
Жауап:
Алғабас ауылында интернет EVDO технологиясы бойынша жасап тұр. Алдағы уақытта интернет жылдамдығы жөнінде байланыс операторларына ұсыныс берілетін болады.
Лиза Байзакова
Байланыс (сеть) шамалы, балдарымыздың онлайн оқуы қиындап тұр. Интернет мәселесі шешілсе? Қоңыр ауылына жол керек?
Жауап:
Жосалы ауылдық округінде қазіргі уақытта 3G форматындағы ұялы байланысы қолданыста, алдағы уақытта байланыс сапасын жақсарту, жетілдіру жөнінде байланыс операторларына ұсыныс берілетін болады.
Қоңыр ауылына дейінгі жолды жөндеуге жоба жасақталмаған. Жоба жасақтау үшін БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына келісім алуға ұсыныс берілді.
*******
Ерлан Игилманов
Ассалаумағалейкум! Құрметті ел тізгінін ұстаған ағалар. Аудан орталығындағы Шоқанов көшесінде жолдың жоқтығынан көктем айларында және жаңбыр жауғанда машина түгіл жаяу жүргінші жүре алмайды. Жол керек?
Жауап:
Жымпиты ауылының Шоқанов көшесінің жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасақталмаған, Сырым ауданы бойынша түрлі деңгейдегі жолдардың жағдайын жақсарту үшін 2021-2025 жылдарға арналған
жоспарға Шоқанов көшесіне ЖСҚ жасақтау 2022 жылға жоспарланған.
******
Мөлдір Батырова
Жетікөлге бұрынғыдай ауыз су әкелсе екен, колонкадағы су ащы және кей жерлерде жаздан бері су тоқтап тұр.
Жауап:
Бұрынғы ауыз су мұнарасының суы ащы болуына байланысты «Жайықгидрогеология» ЖШС жұмыстар жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатын болады.
******
Айсұлу Кульжанова
Ауданда байланыс (сеть) дұрыс ұстамайды. Қарасуда малға су беретін жерді өтірік жасап қойдыңдар. Біз ауданда депутаттардың кім екенін білмейміз.
Жауап:
Сіздің бірінші сұрағыңыз түсініксіз болғандықтан жауап беруге мүмкіндік болмай отыр. Нақты айтқанда ауданда дегенде қай жерді айтып отырғаныңыз түсініксіз.
Екінші сұрағыңыз бойынша: 2018 жылы Қарасу мөлтекауданына техникалық су тартылып, мал суаруға астау қойылған болатын, алайда тұрғындар техникалық суды пайдаланбағандықтан техникалық су беру тоқтатылды.
Үшінші сұрағыңыз бойынша: Сырым аудандық мәслихатының VII шақырылымындағы депутаттар құрамымен syrym-maslikhat.gov.kz сайтына кіру арқылы таныса аласыз.
*******
Gamer x KZ
Қособа ауылында Өлеңті шлюзін уақытынан ерте ашып жібереді, бұрында мамыр айында ашатын еді, былтыр наурызда ашып жіберді, соны қадағалап отырса деймін, екі жыл бойы шөпсіз қалдық.
Жауап:
Су тасыған кезде көлдерге су шығару үшін күз мезгілінде су жіберу құрылғылары түгел жабылады. Су көлдерге тарағаннан кейін қайтадан ашылады. Қар суының аз болуына байланысты, яғни көлге шығатындай су келмегендіктен жеке тұрғындардың малына су болмағандықтан жергілікті қоғамдастықпен келісе отырып Өлеңтіге су жіберілді. Бұл жұмыстар бақылауда болады.
******
Geroy Sane
Жобанын сапасына емес, жоба құнына да қарап қойыныз. Сметамен таныстырсын
Жауап:
Барлық жобалар ашық түрде жүргізіледі және қоғамдық кеңесте тыңдалады. Жобалық сметалық құжаттамамен танысу үшін тиісті мекемеге жолығып танысуға болады.
******
Диана Салимгерей
Жетікөл ауылдық округінің жол, көпір мәселесі күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Жауап:
Қосарал ауылына дейінгі жолдың әсіресе көктем, күз мезгілдерінде жүруге қиындық туғызатынын жақсы білеміз. Алайда, аталмыш жолды жөндеуге жоба жасақталмаған. Жоба жасақтау үшін БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына келісім алуға ұсыныс берілді.
Қосарал ауылына кіре беріс көпірді ағымдағы жөндеуге округ әкімшілігімен смета жасақталды. Биылғы жылы жергілікті бюджеттен қаржы қарастырып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.