Меню

Страницы

Статья

ХҚО-ларға тек алдын ала бронмен баруға болады

ХҚО-ларға тек алдын ала бронмен баруға болады

Азаматтардың көптеп жиналуын және вирусты жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында кейбір өңірлердегі ХҚО-лар азаматтарды қатаң түрде тек алдын жасалған брон негізінде қабылдайды. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен және Семей қалаларының ХҚО-ларының жұмысы бойынша арнайы шешім шығарды. Енді келушілерді қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады. Айта кетейік, бұл өзгерістер ауылды жерлер мен аудан орталықтарының ХҚО-ларының жұмысына еш әсер етпейді.

ХҚО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әрбір ХҚО-да санитайзерлер бар.

Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электрондық үкімет порталын, eGovKzBot2.0. телеграм-ботын пайдалана алады немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шала алады. Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады.  

«Біздің әріптестеріміз фронт-офистерде қызмет алушылармен тікелей байланыста. Біз келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге тырысамыз. Сондықтан қызмет алушыларға қандайда ауру белгілері байқалса, ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз», – дейді мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Кожихов.

Дата публикации
26 января 2021
Дата обновления
26 января 2021
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Сырым ауданы әкімдігінің ресми фейсбуктегі парақшасы
Инстаграмдағы ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы