Өткен аптада оқушылардың жауапкершілігін, көшбасшылық белсенділігін арттыру және өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру мақсатында ауданымыздың бірқатар мектептерінде Президент сайлаулары өтті.
Мектептердегі Президент сайлауларын өткізуде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, жергілікті жерлердегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері және жас сайлаушылар клубы дауыс беру орын жабдықтаумен және ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсетті. Сондай ақ, сайлау өткізу процестеріне байқаушы болып қатысты.