Бүгін Сырым ауданында «Жас сайлаушылар клубы» құрылып, алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Отырысқа төрағалық еткен Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейірбек Хасанов клубтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.
«Жас сайлаушылар клубының» негізгі мақсаттарының бірі: жастардың сайлау процесіне деген қызығушылығын ояту, жастар арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық сананы дамыту болып табылады.
Клуб жұмысы сайлау процесіне қатысушылар арасында құқықтық ағарту және электоралдық мәдениетті арттыру шеңберінде жастар арасында саяси сауаттылықты дамытып, олардың сайлау процестері мен демократиялық институттарға саналы көзқарастарын қалыптастыруға ықпалын тигізетін болады.
Отырыста клуб мүшелері арасынан клубтың төрағасын, төраға орынбасарын және хатшысын таңдап, дауысқа қойды. Клуб төрағасы болып Әсем Шукатова, төраға орынбасары Райымбек Нариман және клуб хатшысы болып Саяжан Қадырғалиева сайланды.
Клуб тоқсанына кемінде 1 рет отырыстарын өткізеді. Клуб мүшелігі болуға сандық шектеу жоқ, 18-35 жас аралығындағы аудан аумағында тұратын белсенді азамат клуб мүшесі бола алады.