Меню

Страницы

Статья

ХАЛЫҚ САНАУЛЫ КҮНДЕ 100 ШАҚЫРЫМ БӨГЕТ СОҚТЫ

ХАЛЫҚ САНАУЛЫ КҮНДЕ 100 ШАҚЫРЫМ БӨГЕТ СОҚТЫ
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын нығайту, сондай-ақ басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу және су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жалғасуда. Оларға 7 895 адам және 1 781 бірлік техника, соның ішінде 1011 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жағасында ұзындығы 100 шақырым болатын бөгет жасақталып, 771 мың құм толтырылған қапшық салынды.
2024 жылдың 16 сәуірдегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 776 см-ге дейін жетті және су деңгейі әлі көтерілуде. Өткен жылы ең жоғары деңгей 557 см болған еді. Қауіпті деңгей-850 см.
Су Ресей Федерациясыннан келеді, онда су тасқынына байланысты Ириклин су қоймасынан ағызу жүргізілуде. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Ириклин су қоймасының суын Ресей Федерациясынан ағызу біртіндеп азайып келеді. Дегенмен, облыста су басу қаупі жоғары деңгейде қалып отыр.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Дата публикации
19 апреля 2024
Дата обновления
19 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Сырым ауданы әкімдігінің ресми фейсбуктегі парақшасы
Инстаграмдағы ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы