Меню

Страницы

Статья

Су тасқының алдын алу жұмыстары

Жымпитыда көктемгі су тасқының алдын алу үшін көшелерде кілкіген суларды сору жұмыстары жүруде.

Сырым аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі мен №14 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Жымпиты ауылдық округі әкімдігінің мамандары С. Датов, С. Сейфуллин, К. Меңдалиев және Ә.Молдағұлова көшелеріндегі еріген қар мен түскен жауыннан пайда болып, күрт толған су айдындарын іргедегі сайлар мен каналдарға ағызып жатыр.

Су тасқынының алдын алу мақсатында мамандар тынбай жұмыс жасап, ауылдар мен елді мекендерде көшелер мен тұрғын үйлерді су басу салдарын болдырмау үшін барлық шаралар қабылданып жатыр. Су тасқынының алдын алу мақсатында штаб құрылып, мекемелерде кезекшіліктер бекітілді.  

Қазіргі уақытта Жымпиты ауылының көшелерінде 25 техника, 10 мотопомпа жұмыс істеуде. Соңғы бес күн ішінде ауыл көшелерінен 8262 шаршы метр су сорылды.

Су сору жұмыстары Қособа, Бұлдырты, Алғабас, Шолақаңқаты ауылдық округтерінде де атқарылуда.

Ағынды су Аралтөбе ауылдық округі, Қызылағаш ауылына баратын 9 шақырымдық жолдың үстін шайып кетті. Жағдай бақылауда.

Мамандармен бірге әр түрлі мекемелерде қызмет ететін еріктілер де кезекшілік кесте негізінде төтенше жағдайдың алдын алуға жәрдемдесуде.

Су басу қаупі сезілген жағдайда тұрғындар 31359, 21121 немесе
+7 (777) 165-36-76, +7 (705) 990-96-48 ұялы телефондарына хабарласа алады.

Дата публикации
26 марта 2024
Дата обновления
26 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Сырым ауданы әкімдігінің ресми фейсбуктегі парақшасы
Инстаграмдағы ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы