Сырым ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы анықтама
Ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.
Аудан бойынша су тасқыны кезеңіне қолданыста бар материалдар:
2024 жылғы төтенше жағдайларға арналған қаржы резервінен қосымша сатып алынады:
2024 жылға аудандық төтенше жағдайлардың қаржы резервіне 19 848,0 мың теңге қаражат қарастырылды.
Ауылішілік қар шығаруға 7 млн. теңге және көше суын сору жұмыстарына 800 мың теңге қаржы қарастырылады. Жымпиты ауылы көшелерінің 9340 м3 қар шығарылды.
Өлеңті өзенінде мұз кептелісі орын алуы мүмкін 800м2 аумағына мұз жару жұмыстарын жүргізілді.
Өлеңті өзені жағалауын (ұзындығы 300 метр) топырақпен арнайы техникалардың көмегімен көтеру жұмыстарына 1,5 млн. теңге қаржы жұмсалды.
Аудан орталығында 2300 қапшық құммен қапталды. Бұлдырты ауылдық округіне 1000 дана, Жымпиты ауылдық округіне 1200 дана, Жетікөл ауылдық округіне 300 дана, Жосалы ауылдық округіне 300 дана, Бұлан ауылдық округіне 100 дана, Сарой ауылдық округіне 200 дана қапшық жеткізілді. Қалған округтерге қапшықтар бөлініп қойылды. Қособа ауылдық округіне 20 тонна инертті материал мен 1500 дана қапшық жеткізіліп, соның 500 қапшығы құммен қапталды. Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу мақсатында Өлеңті өзені бойындағы екі бөгеттің жолы аршылды және Өлеңті өзеніндегі шлюздің қақпасы ашық тұр. Өлеңті өзені бойына өскен аумағы 950м2 тал шабу, 700 жерден ойық тесу жұмыстары жүргізілді.
Су тасқыны кезінде қосымша «Сырым» МКК-нің 8 техникасы, жеке кәсіпкерлер арқылы 7 техника, барлығы 15 техника дайын. Сондай-ақ, келісім-шарт негізінде қосымша 16 техника жұмылдырылатын болады. Сонымен қатар, арнайы техника көмегімен су сору жұмыстарына «Шайхиева» ЖК-ң екі бірлік ассенизаторымен келісім-шарт жасалды.
Бұлдырты өзенінің бастауына және Шідерті өзеніне уақытша гидробекеттер орнатылды.
Жеке құрам саны 80 адамды құрайды (оның ішінде 5 адам төтенше жағдайлар бөлімінің құрамы, 19 адам №14 өрт сөндіру бекетінің құрамы және 56 адам азаматтық қорғау қызметтерінен).
Су басу қаупі немесе су басқан жағдайда аудан орталығындағы ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің және ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектептің ғимараттарына тұрғындарды орналастыру көзделген. Сонымен қатар, тұрғындарды азық-түлікпен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі мен жеке кәсіпкерлер («ЖК Ихсанова А.С», «ЖК Тажаякова», ЖК «Жусупов Б.М», ЖК «Камалиев») арасында жасалған келісім-шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
Су тасқынының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 16 қаңтарында және 5 ақпанында екі мәрте аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысы өткізіліп, 13,9 млн. теңге қаржы бөлінді.
Аудан әкімінің 19.02.2024ж. «Аудан тұрғындары мен аумағын 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде болатын төтенше жағдайлардан қорғау және алдын алу жөніндегі шаралар туралы» №18 санды өкімімен аудандық штаб құрылды
Аудан әкімімен 03.01.2024ж. «Сырым ауданының 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу жоспары» бекітілді.
Аудан орталығында екі дана құлақтандыру жүйесі (сирена) бар. Барлығыда жарамды күйде, біріншісі аудандық әкімшілік ғимаратының төбесінде, екіншісі ДЭУ-39 мекемесінің ауласында орналасқан.
Аудан аумағындағы 1 республикалық, 2 облыстық, 17 аудандық маңызы бар жолдардың және Жымпиты ауылішілік су өткізу құбырлары тексерілді. Қазіргі таңда су өтетін құбырларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан тұрғындарын су тасқынының алдын алу шараларымен ақпараттандыру мақсатында, ескертпе қағаздары, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен 1 бейнеролик әзірленіп әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) тұрақты жариялануда, аулааралық шолуларда тұрғындарға аулаларындағы қарларды сыртқа шығару мақсатында хабарламалар табысталуда.
Сырым ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Қазгидромет Жымпиты метеостансасы қызметкерлерімен бірлесе Өлеңті өзенінің басталу алатын жерлерінде қардың қалыңдығы, жердің қату қалыңдығын анықтау, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар Өлеңті өзеніне көктем мезгілінде қанша мөлшерде су келетінін анықтауға мүмкіндік береді.