Меню

Страницы

Статья

НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ – ЖЕР!

НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ – ЖЕР!
Көздіғара негізгі мектебінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру, жылуды сақтау үшін ғимараттың сыртын қаптау мәселесі осыған дейін Сарой ауылдық округіндегі жиналыстарда жиі айтылып жүрді. Биыл бұл шаруа алға басыпты. Сырым аудандық білім беру бөлімі қаптау үшін материалдарды жеткізіп беріп, жұмыс басталған. Қосымша 913 290 теңгеге парталар мен жиһаздар сатып алынды. Бұл туралы округ әкімі Айбол Жакиев есеп беру жиынында айтты.
Бүгінгі таңда Сарой ауылдық округінде 29 шаруа қожалығы мен 3 ауылшаруашылық кооперативі тіркелген. Шаруашылықтар үшін де, қарапайым тұрғындар үшін де негізгі мәселе – жер. Халықтың малы жеке иеліктегі жерлерге кіріп жайылады немесе шаруашылықтың түліктері округтің жайылымында жүреді дегендей. Осы мәселе бойынша сұрақтарға Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жанболат Мұхамбетжанов картасын жайып тұрып жауап берді.
Әкімдермен кездесуде саройлықтар ауылды абаттандыру, жарықшамдарды көбейту жөнінде ұсыныстар айтты. Жиынды Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қорытындылады.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы
Дата публикации
30 ноября 2023
Дата обновления
30 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
19 октября 2026
16 октября 2026

Социальные медиа

Сырым ауданы әкімдігінің ресми фейсбуктегі парақшасы
Инстаграмдағы ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы