ТАЛДЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2026 жылғы 22 ақпан күні Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 24 ақпандағы №1.30/34 шешімімен Талдыбұлақ ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Абдрашев Азамат Жамбылұлы тіркелді, 1989 жылы туған, Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынды.