ТАЛДЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА  

ТАЛДЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАМА

 

2026 жылдың 22 ақпанында Сырым ауданы Талдыбұлақ сайлау округі бойынша Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 346 азамат енгізілді, оның – 229-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Барлығына қарсы» -2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдрашев А.Д -187 (83,48%);

Мурзашев А.К - 17 (7,59%);

Чукуров Е.Е..- 20 (8,93%).

Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Абдрашев Азамат Джамбулович сайланды, 1989 жылы туған, Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылында тұрады, «AMАNAT» партиясы ұсынды.

                                                       

                                                        Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.

Дата публикации
22 февраля 2026