«Сырым ауданы әкімінің аппараты» ММ, дербес бөлімдер және «Ауылдық округ аппараты» ММ мен оған  бағынысты ұйымдарында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

03 қазан 2025 жыл                                                             Жымпиты ауданы

Талданатын объект туралы мәлімет: «Сырым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат). Мекенжайы: БҚО,Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі №8.

Сырым ауданы әкімі аппараты басшысының 25.08.2025 жылғы №31/1 бұйрығы негізінде, Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Сырым аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспектор-заңгері Р.Жумагамбетова жүргізді.

         Талданатын кезең: 01.09.2024 ж. -01.09.2025 ж.

Талдау кезеңі: 01 қыркүйек 2025ж. – 30 қыркүйек 2025 ж.

Аппарат 3 бөлімнен тұрады: Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімі, Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімі, Аудан әкімі аппаратының жалпы, құжаттамалық қамту және қаржылық - шаруашылық жұмыстары бөлімі.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны - 15, соның ішінде 14 бірлік мемлекеттік қызметші, 1 бірлік аудан әкімі - саяси қызметші.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған                       18 мемлекеттік қызметшілер, таза ауысушылық 2.

Тәртіптік жауапкершілікке  тартылған 20 мемлекеттік қызметшілер.

Талдау кезеңінде 2025 жылдың 1 қыркүйегіне 4 бос орын тіркелген: Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі (1 жыл бос), Сырым ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы (1 ай бос), Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру секторының бас маман есепші (4 ай бос), Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі (3 ай бос). 4 айдан жоғары 2 бос орын болуына байланысты, тәуекел тудырып тұр.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға 6 жалпы конкурс өткізілді , нәтижесінде 2 адам қабылданды.

6 ішкі конкурс өткізіліп, нәтижесінже 3 адам қабылданды.

Сырым ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының                   мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Сырым ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының                   мемлекеттік қызметшілерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕ АК және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Сырым ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының                   мемлекеттік қызметшілерімен акциялар, пайлар, жеке кәсіпкерлікпен айналысу фактілері орын алған жоқ.

Сырым ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарында                   коммерциялық ұйымдардың құрылтайшылары болып табылатын, сондай-ақ осы ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіретін мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Ұсыныстар: «Б» корпусының бос әкімшілік лауазымына орналасуда конкурсты өткізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

           Аппарат мемлекеттік қызметтерді көрсетпейді, алайда дербес бөлімдердің және ауылдық округ аппараттары тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметтерге мониторинг жүргізеді. Талдау кезеңі уақытында,  мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 3.

«Жетікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне 2025 жылдың 27 наурызы күні Менешов М.С. атынан түскен KZ89RVX01315577 өтініші мерзімінен 11 күн кешіктіріліп және 2025 жылдың 28 шілдесі күні «Қазақтелеком» АҚ  атынан түскен KZ64RVX01430002 өтініші, техникалық ақауларға байланысты мерзімінен 5 күн кешіктіріліп берілген.

Нәтижесінде, Жетікөл ауылдық округі әкімі А.Е.Рамазанов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, аталған тұлғамен 98300 теңге және 39320 айыппұл өндірілген. (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабымен көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу фактісі).

«Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне 2025 жылдың 4 қыркүйектегі күні  KZ58RVX1470656 өтінішінің мерзімінен 1 күн кешіктірілген болатын.

Нәтижесінде, Қособа ауылдық округі әкімі Б.Жайманов әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  39320 айыппұл өндірілген. (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 465-бабымен көзделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын бұзу фактісі).

Ұсыныстар: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оқыту ұйымдастыру.

4.Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

5.Бақылау-тексеру фукцияларын іске асыру

           Ережеге сәйкес аппарат бақылау-тексеру фукцияларын іске асырмайды.

    6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

     Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады. 25 еселенген АЕК-тен аспайтын («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 353-бабы) жұмыскерлердің табыстары бойынша табыс алығын есептеу кезінде тиісті түзету (90%) жүзеге асырылды.

        Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады.  Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.

       Бекітілген мемлекеттік сатып алудың 2025 жылға арналған бастапқы жоспары көрсеткіштерінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларына сәйкестігі.

       Аппараттың 2025 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 270515,0 мың теңге қарастырылды, игерілгені 99,9 % құрады.

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

      Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.

     Аппараттың 05.12.2022 жылғы №96 бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді. Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ.

     Қорлардағы негізгі құралдарды есепке алу фактілері анықталған жоқ.

 Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №3932 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызмет Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз етуге, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі, қаржыландыру жоспарының орындалу барысы, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысу жағдайы, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуы тиіс.

     «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық міндеттемелерін орындау) 36-бабын бұза отырып, мекеменің дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдер мен берешек сомалар анықталған жоқ.

  1.   Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Аудан әкімінің аппараты бойынша талданатын кезеңде 156 мемлекеттік сатып алу жасалды. Оның ішінде: ашық конкурспен - 4; баға ұсынымдары бойынша - 64; электрондық дүкенмен – 23; тікелей шарт жасау жолымен бір көзден сатып алу - 21; өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу – 44 сатып алулар жүргізілді. Аудан әкімінің аппаратымен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар уақтылы және тиісті деңгейде жүргізілуде. Кемшіліктерге жол бермеу мақсатында үнемі мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сырым ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тікелей басшымен, оның зайыбымен туыстық қарым-қатынаста емес. Талданбалы кезеңде аппаратта мүдделер қақтығысы болған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

 Аппарат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.Аппаратының қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жұйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

     «Documentolog»- ақпараттық жүйе;

     «E-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай  платформасы;

     «E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

     «Парус-Каз» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

     «Қазынашалық-клиент» ақпараттық жүйесі;

     «1С-бухгалтерия» жүйесі;

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

2024 жылдың 01 қыркүйек 2025 жылғы 01 қыркүйек аралығында 217 қаулы, 9 шешім, 112 өкім және 156 жеке құрам бойынша бұйрық соның ішінде 49 негізгі қызмет бойынша бұйрық шығарылды. Осы уақыт аралығында шығарылған актілерге наразылық туындаған жоқ.Бұқаралық ақпарат құралдарына өткізілген мониторингі («Сырым елі» Сырым ауданының қоғамдық-саяси газеті, Сырым ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы) мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар жарияланған жоқ.

     2024 жылғы 01 қыркұйек 2025 жылғы 01 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында аудандық «Сырым елі» газетінің бетінде  ресми сайтқа және әлеуметтік желілерде 5 мақала жарияланып, 5 семинар кеңестер өткізіліп, 70-ге жуық жадынама үйлестірілді. Азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексінде көзделген қағидалар негізінде жүргізілуде.

    2025 жылдың 1 қазанына дейін Сырым ауданының жергілікті атқарушы органдарына 1421 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті. Соның ішінде аудан әкімі аппаратына – 642.

     2024 жылдың сәйкес кезеңімен Сырым ауданының жергілікті атқарушы органдарына 1708 өтініш тіркелген. Соның ішінде аудан әкімі аппаратына тіркелген өтініштер саны – 722.

     23.09.2024 жылғы №2-20-24-06065 санды Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ІІІ-IV тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2023, 2024 жылдардың өткен кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау жөнінде ұсынуында көрсетілген өтініштердің мерзімі бұзылып жолдануына байланысты аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы А.Куанаевқа аудан әкімінің 2024 жылғы 22 қазандағы №278 санды өкімімен тәртіптік жаза қолданылды. 2025 жылы 9 ай ішінде мерзімі бұзылған жолданымдар болмады.

 Азаматтарды жеке қабылдау бойынша:

2025 жылы жалпы 37 қабылдау ұйымдастырылып, 260 азамат қабылданған (о.і: аудан әкімі – 10 қабылдау, 182 азаматты, аудан әкімінің орынбасарлары – 27  қабылдау, 78 азаматты қабылдады). Сонымен қатар, 2025 жылы 06 наурызда азаматтарды «Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні ұйымдастырылып, 14 азамат қабылданды, 2025 жылы 2 мәрте құқық қорғау органдары және заңгерлердің қатысуымен «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылып 16 азамат құқықтық кеңес алды.

2024 жылы жалпы 35 қабылдау ұйымдастырылып, 295 азамат қабылданған болатын (о.і: аудан әкімі – 17 қабылдау, 254 азаматты, аудан әкімінің орынбасарлары – 18 қабылдау, 41 азаматты қабылдады).

Ұсыныстар: Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша оқыту ұйымдастыру.

«Сырым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2024 жылдың 1 қыркүйектен бастап  2025 жылдың 01 қыркүйек аралығында  № 24 бұйрығы негізінде  «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды бөлімінің бас маманы Б.Кабекешева жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Талданған кезеңде кадрлардың ауысуы: «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 4(төрт) мемлекеттік қызметкер: Бөлім басшысы, 2 (екі) бас маман, 1 (бір) бас-маман есепші.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болмады.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

Талданып отырған кезеңде  мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік шара  қолданылмады.

         Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Қазіргі таңда бөліммен  1239 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

1) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақттардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу,куәлік беру»;

2)«Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

3)«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

4) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

5) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

6) "Мемлекеттік  атаулы әлеуметтік көмек тағайындау"

 7) «Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұрудың құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

8) «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

9) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу»;

10) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

11) "Тұрғын үй көмегін тағайындау"

12)"Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы"

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 Ережеге сәйкес бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

 Ережеге сәйкес бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген кезеңде 2024(қыркүйек,қазан,қараша,  желтоқсан)-25жылға(қаңтар,ақпан,наурыз,сәуір,мамыр,маусым,шілде,тамыз)  бекітілген жоспарына сәйкес 237,4 мың теңге игеріліп  99,9 % құрады.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде бөлім жалпы сомасы 15152,8 мың теңгеге 28 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

 1) баға ұсыныстарын сұрау 2882,0 мың теңге сомасына 13 сатып алу;

 2) бір көзден 488,1 мың теңге сомаға 2 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

3) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 1029,6 мың теңге сомаға 6 сатып алу.

4)мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 10687,5 мың теңге сомаға 3 сатып алу.

5) электорндық дүкеннен  65,6 мың теңге сомаға 4 сатып алу. 

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлім қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-Собес» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Е-Халық» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«ИРС» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Е-Акимат» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Еңбек нарығы» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

 «Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

  Талданып отырған кезеңде бөлімде жеке және заңды тұлғалардан барлығы 31 өтініш келіп түсті.

 Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер келесі негізгі топтар бойынша құрылады:

- оқуға шақыру мәселелері бойынша;

- мүгедектігі бар адамдар үшін тауарлар ақысын төлеу бойынша;

- жылжымайтын мүліктің ауыртпалығын алып тастау бойынша;

- әрекетке қабілетсіз қамқоршылыққа алу бойынша.

Талдау барысында  өтініштердің  жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілген.

    Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Экономика және қаржы бөлімі басшысының 2025 жылғы12 қыркүйектегі № 30 бұйрығы негізінде, «Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі А.Оразаева жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-5, нақты саны - 5.

Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінде талданған кезеңде жұмыстан босатылғандар болған жоқ.

Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді және жоғары білімдері бар. Бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін біліктілігін арттыру (қайта даярлау) курстарынан 2 қызметкер өтті, оның ішінде: 2 – біліктілікті арттыру.

Сондай-ақ, салық органдарына мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы декларациялардың уақтылы ұсынылды.

Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімі қызметкерлерін кірістері мен мүлкі туралы декларацияларда дұрыс емес мәліметтер және өзге де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар ұсынғаны үшін тәртіптік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері жоқ.

Талдау кезеңінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер болған жоқ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексін сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшілерді жауапкершілікке тарту фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған қызметкерлер болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 2025 жылдың 01 қыркүйегі аралығында Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Кадрлармен жұмыс кезінде мүдделер қақтығысын басқару.

Жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және жұбайы) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымдарға орналасу анықталған жоқ.

Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін, бөлім туралы ережелерді зерделеу арқылы бөлімнің лауазымдық міндеттерінде мүдделер қақтығысын тудыратын міндеттері немесе жеткілікті реттелмеген функциялары анықталмағанын көрсетті.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мүдделер қақтығысын басқару.

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алу рәсімін өткізу кезінде үлестестік фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының нормаларына сәйкес жүргізіледі.

Бас маман-есепші жүргізетін Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік сатып алулары бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық-цифрлық қолтаңба қойылады.

2024 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсан аралығында мемлекеттік сатып алу порталында жалпы сомасы 568 351,92 теңгеге 3 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды, оның ішінде бір көзден 0 шарт тікелей шарт жасасу жолымен 39-баптың 3-тармағының 36-тармақшасына сәйкес жасалды (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді заңдарда айқындалған тұлғадан сатып алу).

Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден сатып алу тәсілі бойынша 2 шарт жасалды, баға ұсынысының сұрау салуы тәсілі бойынша 0 шарт жасалды, негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі бойынша 1 шарт жасалды.

Қаржылық 2025 жылдың 1 қаңтарынан 30 қыркүйек аралығында мемлекеттік сатып алу порталында 24 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды, жалпы сомасы 8 905 785,79 теңге. Оның ішінде 1 шарт тікелей жасасу жолымен бір көзден алынған шарт:

1 шарт 39-баптың 3-тармағының 27-тармақшысына сәйкес (монополияға қарсы органның ұқсас тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысы болған кезде тиісті өкілеттіктері, оның ішінде мемлекеттік органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) бір жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден және өзі оларға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік органның сатып алуы);

Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден 12 шарт, баға ұсынысының сұратуы бойынша 11 шарт, жасалды.

Мемлекеттік сатып алу саласында жүйелі сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір белгілері анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес тұрғын үй сатып алуға «Бюджеттік кредит» беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша сыбайлас жемқорлықтың қандайда бір белгілері анықталған жоқ.

Ішкі талдау жүргізілген уақыт арасында Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінен көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары бағытында 58 жас маманға 22 205,6 мың теңге көлемінде қаржы төленді. Ал, тұрғын үй сатып алу немесе салуға 20 адамға 155 064,0 мың теңге төленді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінде рұқсат беру және қадағалау функциялары қарастырылмаған.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Сырым аудандық  экономика және қаржы бөлімінде бақылау функциялары қарастырылмаған.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2024 жылдың қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларындағы қаралған қаражат соммасы 317 995,0 мың теңге. Қаралған қаражат 99,6% орындалды.

2025 жылдың тоғыз айлықтағы бөлінген сомма 847 648,0 мың теңге. Орындалған қаражат соммасы 847 641,0 мың теңге. 99,99% орындалды.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

        Талданып отырған кезеңде Бөлім жалпы сомасы 9 474 137,71 мың. теңгеге 27 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

1) ашық конкурс 0 мың.теңге сомасына 0 cатып алу;

2) баға ұсыныстарын сұрау 1 535 820,96 мың теңге сомасына 11 сатып алу;

3) бір көзден 670 152,84 мың теңге сомаға 1 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;          

4) электрондық дүкен 0 мың теңге сомасына 0 сатып алу;

5) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 7 166 243,91 мың теңге сомаға 14 сатып алу;

6) алдын ала біліктілік бойынша конкурс 101 920,00 мың теңге сомаға 1 конкурс;

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылған. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлімі қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog» ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Е-қазына» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Госреестр» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Мониторинг және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері арасында құқықтық жалпы оқытулар, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына сәйкес тауарларды сатып алудағы елішілік құндылыққа мониторинг жүргізу бойынша сапалы және толық ақпарат беру сапасын арттыру үшін ЕМС саласындағы уәкілетті органдарды тарта отырып семинарлар өткізу.

«Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

      Талдау Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 24 «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Мухангалиева жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Сырым ауданы ішкі саясат бөлімі мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны - 3, соның ішінде 3 бірлік мемлекеттік қызметші.

Тәртіптік жауапкершілікке  тартылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Сырым ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының                   мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

Талданып отырған кезеңде Сырым ауданының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі. Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Бөлімнің құзыретіне мемлекеттік қызмет көрсету кірмейді.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөліммен бейбіт шерулерге шығуға рұқсат беру функциясына құқылы болып табылады. Алайда талдау кезеңінде бейбіт шеруге шығу туралы өтінімдер келіп түспеді.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің дұрыс орналасуын бақылау функциясын жүзеге асырады. Бақыланатын кезең аралығында аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелердегі рәміздердің орналасуына мониторинг жасалды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде кейбір мекемелерге ескерту жасалынып, түсінік жұмыстары жүргізілді.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Бөлімде талдау жүргізілген кезеңде 2024 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 55 472 000 теңге қарастырылды, игерілгені 55 471 017,79 теңге немесе 99,9% құрады. 2025 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 59 880 000 теңге қарастырылды, игерілгені 39 030 010,29 теңге немесе 65 % құрады.

Ағымдағы жылы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жылдық бюджеті 96 млн., 992 мың теңге. Оның ішінде Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бюджеті – 62 млн 992 мың теңге, аудандық ақпараттық саясатқа 19 млн теңге, үкіметтік емес ұйымдарға 15 млн теңге.

Жыл басында ҮЕҰ жұмыс жасату және бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен гендерлік саясатқа 1 млн теңге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға 1 млн теңге, жастар саясатына 5 млн теңге, дін саласындағы мемлекет қызметінің зайырлы қағидаттары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге 8 млн теңге қаржы қаралды.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде жалпы сомасы 19 334,1 мың теңгеге 28 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

         1) ашық конкурс;

         2) баға ұсыныстарын сұрау 102 560 теңге сомасына 2 сатып алу;

         3) бір көзден сатып алу бойынша 858 100,80 теңге сомаға 4 сатып алу;

         3) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 1 743 400 теңге сомаға 11 сатып алу;

         4) негізгі келісім бойынша (рамочные соглашение) 610 000 теңге сомаға 3 сатып алу;

         5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша 15 449 428,57  теңге сомаға 5 сатып алу;

         6) электрондық дүкен тәсілі бойынша 570 600 теңге сомаға 3 сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog» ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы 350-VI «Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік кодексі» негізінде жүргізіледі. Бөлімге түскен өтініштер «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Бақыланатын кезең бойынша бөлімге 16 өтініш қарастырылып уақытылы орындалды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы өтініштер мен шағым түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері орын алған жоқ.

Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

 Сырым ауданы әкімдігінің  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу жөніндегі» 2025 жылғы 1 қазандағы №73 бұйрықпен рәсімделді.       

Талдауды Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жауапты тұлғасы бас маман Махмет Ержан Ергенгалиұлы жүргізді.

1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Талданып отырған кезеңде БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша кадрлардың ауысуы болмады. (бөлім басшысы, бас мамандар, жетекші мамандар).

Тәртіптік жауапкершілікке 16.01.2025 ж. күнгі №2 бұйрықпен «ескерту» түрінде бөлімнің бас маман есепшісі Б.Б.Алпанова тартылды.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Талданып отырған кезеңде бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау фактілері тіркелмеген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ашық түрде жүзеге асырылады. Қызметкерлер тарапынан шағымдар түскен жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен бірлесіп түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Талдау кезеңінде мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің түрлері:

2-разрядты спортшы.
3-разрядты спортшы.
1-жасөспірімдік разрядты спортшы.
2-жасөспірімдік разрядты спортшы.
3-жасөспірімдік разрядты спортшы.

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы.
Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы.
Спорт төрешісі.

          Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және бекітілген регламенттерге сәйкес көрсетіледі. Қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Бөлім өз құзыреті шегінде рұқсат беру сипатындағы қызметтер көрсетеді.

Рұқсат беру рәсімдері автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.

Талдау барысында рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес бөлімде бақылау және қадағалау функциялары көзделген.

-аудан аумағында маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;

-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 75 бабының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру;

-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 156 бабының Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 455 бабының Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру;

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Талдау жүргізілген кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес бюджет қаражаты игерілді.

Қаражатты игеру деңгейі 100 % құрады.

Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде бөлім мемлекеттік сатып алу рәсімдерін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасына сәйкес жүзеге асырды.

Мемлекеттік сатып алу барысында:

баға ұсыныстарын сұрау тәсілі;

бір көзден сатып алу тәсілі қолданылды.

Сатып алу рәсімдері кезінде мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлім қызметкерлері келесі ақпараттық жүйелерді пайдаланады:

«Documentolog»;

«Е-өтініш»;

«Е-Акимат»;

«Е-қызмет»;

«Қазынашылық–Клиент»;

«1С-бухгалтерия».

«ИИС ЦОН»

Ақпараттық жүйелердің ашықтығы мен қайталанбауы қамтамасыз етілген.

Талдау барысында ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талдау кезеңінде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 26 өтініш келіп түсті.

Өтініштер негізінен келесі мәселелер бойынша болды:

  • мәдениет және тілдер саласына қатысты;
  • басылымдар мен кітап шығарылымы туралы;

Барлық өтініштерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес белгіленген мерзімде және тәртіпте жауаптар берілді.

Қорытынды:

Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде «БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 17.09.2025 жылғы №48 бұйрығы негізінде бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль  жолдары бөлімінің бас маманы Е.Беккужин жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-3, нақты саны - 3.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер болмады, таза ауысушылық жоқ.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер болмады.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұдайы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

1.Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру саны - 0.

  1. Ауданаралық (облыс ішілік қала аралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастардағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау саны - 0.

3.Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу саны - 0.

4.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру саны – 7

5.Тұрғын үй сертификаттарын беру саны -  5.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Ережеге сәйкес Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес Бөлімде бақылау және қадағалау функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Бөлімнің 2025 жылға бекітілген жоспарға сәйкес 538105369,26 мың теңге қарастырылды, игерілгені 538105369,26 мың теңге немесе 100% құрады. 2024 жылға бекітілген жоспарға сәйкес 1597619323,87 мың теңге қарастырылды, игерілгені 1597619323,87 мың теңге немесе 100% құрады.

Талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

         Талданып отырған кезеңде Бөлімде жалпы сомасы 938754008 мың теңгеге 140 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның 2 сатып алу шарты бұзылды. Келесі тәсілдермен сатып алулар жүргізілді:

         1) ашық конкурс 330546402 мың теңге сомасына 15 шарт;

         2) баға ұсыныстарын сұрау 31266166 мың теңге сомасына 80 шарт;

         3) бір көзден 31694771 мың теңге сомаға 35 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

        4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 0 мың теңге сомаға 0 шарт;

5) үй сатып алу бойынша 53800,0 мың теңге сомаға 4 шарт.

6) электронды дүкен бойынша 0 мың теңге сомаға 0 шарт.

7) Негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңібойынша 0 мың теңге сомаға 0 шарт.

8) Рейтингтік-балдық жүйелі конкурс бойынша 491446669 мың теңге сомаға 6 шарт.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынанмемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog» ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

 «Қазынашылық- клиент»ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық сервисі.

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талданып отырған кезеңде жеке және заңды тұлғалардан барлығы 215 өтініш келіп түсті.

Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер келесі негізгі топтар бойынша құрылады:

- тұрғын үй мәселесі

- автомобиль жолдары.

- жолаушылар көлігі

- коммуналдық шаруашылық

Талдау барысында  өтініштердің жауаптарында Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілген.

Конституцияның 25-бабы мен «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67, 73-баптарының нормалары бұзылып, негізсіз кезектеншығарылғандар жоқ.

Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

          Талдау Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобын құру туралы» № 47  бұйрығы негізінде Б.Тулегенов жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметінде 2024 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша жалпы штат саны мемлекеттік қызметкерлер саны – 3 , штаттан тыс – 4 адам.

Мемлекеттік қызметшілер арасында тәртіптік жазаға тартылғандар болған жоқ.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер орын алған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 01 қыркүйек аралығында бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;

Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту - 10;

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру - 1;

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге түрге ауыстыруға шешім беру - 1;

Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;

Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.

Талдау нәтижесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер заң талаптарына сай және уақытылы орындалды.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сырым аудандық жер қатынастары бөлімімен 2024 жылғы 01 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 01 қыркүйек аралығында 44 бұйрық тіркелді.

Аталған кезеңде қабылданған бұйрықтар наразылықтар мен заңға қайшы әрекеттер туындаған жоқ. Қабылданған актілер азаматтардың, заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзушылық нормалары анықталған жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Сырым аудандық жер қатынастары бөлімі бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Талдау жүргізілген кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес бюджет қаражаты игерілді.Қаражатты игеру деңгейі 100 % құрады.Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде бөлім мемлекеттік сатып алу рәсімдерін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасына сәйкес жүзеге асырды.

Мемлекеттік сатып алу барысында:

баға ұсыныстарын сұрау тәсілі;

бір көзден сатып алу тәсілі қолданылды.

Сатып алу рәсімдері кезінде мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлім қызметкерлері келесі ақпараттық жүйелерді пайдаланады:

«Documentolog»;

«Е-өтініш»;

«Е-Акимат»;

«Е-қызмет»;

«Қазынашылық–Клиент»;

«1С-бухгалтерия».

Ақпараттық жүйелердің ашықтығы мен қайталанбауы қамтамасыз етілген.

Талдау барысында ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік кодексі» негізінде жүргізіледі.

Бөлімге түскен өтініштер «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі немесе қолма-қол арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, міндетті түрде жүйеге тіркеледі.

Бақыланатын кезең бойынша бөлімге 113 өтініш қарастырылып уақытылы орындалды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы өтініштер мен шағым түскен жоқ.

Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері орын алған жоқ.

Қорытынды: Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында күрделі мәселелер анықталған жоқ. Бөлімде жұмыстың өту барысы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.

 «Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»

 Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы 2025 жылғы 03 қыркүйектегі №3-1/60  бұйрығы негізінде, Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінде жетекші маман А.Мамбеткулова  жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

Талданып отырған кезеңде «Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» бойынша кадрлардың ауысуы 4 мемлекеттік қызметкерді құрады (бөлім басшысы, бас мамандар, жетекші мамандар).

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер анықталған жоқ.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде аффилирлену фактілері, сондай-ақ олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Талданып отырған кезеңде бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау фактілері тіркелмеген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ашық түрде жүзеге асырылады. Қызметкерлер тарапынан шағымдар түскен жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Сырым ауданының әдеп жөніндегі уәкілмен бірлесіп түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Талдау кезеңінде мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Талдау кезеңінде бөліммен келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

«Жер учаскесін беру және жер учаскесіне құқықтарды ресімдеу»;

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»;

«Эскиздік жобаны келісу»;

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат беру»;

«Пайдалануға беру актісін беру»;

«Қайта жоспарлау және қайта жабдықтау жобаларын келісу».

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және бекітілген регламенттерге сәйкес көрсетіледі. Қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Бөлім өз құзыреті шегінде рұқсат беру сипатындағы қызметтер көрсетеді.

Рұқсат беру рәсімдері автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.

Талдау барысында рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес бөлімде бақылау және қадағалау функциялары көзделмеген.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Талдау жүргізілген кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес бюджет қаражаты игерілді.

Қаражатты игеру деңгейі 100 % құрады.

Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде бөлім мемлекеттік сатып алу рәсімдерін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасына сәйкес жүзеге асырды.

Мемлекеттік сатып алу барысында:

баға ұсыныстарын сұрау тәсілі;

бір көзден сатып алу тәсілі қолданылды.

Сатып алу рәсімдері кезінде мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлім қызметкерлері келесі ақпараттық жүйелерді пайдаланады:

  • «Documentolog»;
  • «Е-өтініш»;
  • «Е-Акимат»;
  • «Е-қызмет»;
  • «Қазынашылық–Клиент»;
  • «1С-бухгалтерия».

Ақпараттық жүйелердің ашықтығы мен қайталанбауы қамтамасыз етілген.

Талдау барысында ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талдау кезеңінде бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 51 өтініш келіп түсті.

Өтініштер негізінен келесі мәселелер бойынша болды:

  • жер учаскелерін беру;
  • құрылысқа рұқсат құжаттары;
  • жобалау-сметалық құжаттаманы келісу;
  • объектілерді пайдалануға қабылдау.

Барлық өтініштерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес белгіленген мерзімде және тәртіпте жауаптар берілді.

Қорытынды:Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде «Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

«Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2024 жылғы 01 қыркүйек және 2025 жылдың 01 қыркүйек аралығындағы  кезең бойынша «Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасалды.Талдау Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 2025 жылғы 2 қыркүйектегі №2 «Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде бас маман Г.Хангужина жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

«Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметінде 2025 жылғы 01 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы штат саны мемлекеттік қызметшілер-4, штаттан тыс қызметшілер- 9 адам. Бақыланатын кезеңде мемлекеттік қызметшілер арасында кадр ауысушылығы болған жоқ. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылғандар жоқ. Мамандар арасында тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер  орын алған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

2024 жылғы 01 қыркүйек және 2025 жылдың 01 қыркүйек аралығында аралығындағы кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету

Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 2024 жылғы 01 қыркүйек және 2025 жылдың 01 қыркүйек аралығында 177 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетті, соның ішінде:  

  1. «.Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»- 20 өтініш орындалды.
  2. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру» - 49 өтініш орындалды.
  3. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» - 102 өтініш орындалды.
  4. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»-6 өтініш орындалды.

4.Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген кезеңде 2024(қазан,қараша,  желтоқсан)-2025 жылға (қаңтар,ақпан,наурыз,сәуір,мамыр)  бекітілген жоспарына сәйкес  62 911 мың теңге игеріліп  99,9 % құрады.

7.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде бөлім жалпы сомасы 62253.3 мың теңгеге 47 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:

1) баға ұсыныстарын сұрау 1 811,9 мың теңге сомасына 15 сатып алу;

 2) бір көзден 40,4 мың теңге сомаға 1 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

3) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 22321.0 мың теңге сомаға 29 сатып алу.

4) ашық конкурстар бойынша 38080.0 мың теңге сомаға 2 сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлім қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Documentolog»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы 350-VI «Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік кодексі» негізінде жүргізіледі.Бөлімге түскен өтініштер «Е-өтініш»  ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.Бақыланатын кезең бойынша бөлімге 20 өтініш қарастырылып уақытылы орындалды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы өтініштер мен шағым түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері орын алған жоқ.

Қорытынды: Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында күрделі мәселелер анықталған жоқ. Бөлімде жұмыстың өту барысы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.

«Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

 Талдау Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты 2025 жылғы 01 қыркүйектегі №19 н/қ «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының заңгері А.Умирзакова жүргізді.

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

«Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде 2025 жылғы 01 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы штат саны мемлекеттік қызметшілер - 9,  бас маман- есепші 1-орын вакант.

Бақыланатын кезеңде мемлекеттік қызметшілер арасында кадр ауысушылығы бойынша: 1 бас маман-есепші 1- бас маман басқа жұмысқа орналасуына байланысты өз тілегімен жұмыстан босатылды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін босатылғандар жоқ. 1 бас маман тәртіптік жазаға тартылды.  Мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер  орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметке 1-бас маман алынды. Штаттан тыс 1 қызметкер жұмыстан өз тілегімен босатылып, 2 қызметкер тұрақты жұмысқа алынды, маусымдық от жағу мерізіміне 3 адам жұмысқа алынды. 2 адам жастар тәжірбиесімен 1 жылға шартпен жұмысқа алынды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 21 адам тартылды.

Ұсыныстар:

 1). кадр мәселесі бойынша жауапты маманды мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша оқытуды ұйымдастыру. 

           2). Кадрларды қызметке қабылдау кезінде біліктілік талаптарына сәйкестігі және занңнама талаптарына сәйкестігі толық ескерлуін қамтамасыз ету.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

2024 жылдың 01 қыркүйек және 2025 жылдың 01 қыркүйек аралығындағы  кезеңінде жалпы саны 154 мемлекеттік сатып алу жасалды, оның 109 тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес «Баға ұсыныстарын сұрау арқылы» тәсілімен 36 келісім шарт жасалды және өткізілмеген  сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілі арқылы 14 келісім шарт жасалды, Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілі арқылы 59  келісім шарт жасалды,  ашық конкурспен 3 шарт жасалды. Рейтингтік-баллдық жүйені қолданатын жарыс бойынша 5 шарт жасалды.

Электрондық магазин арқылы, рамалық келісімді қолдану арқылы келісім жасалған жоқ. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруда ҚР 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 106-VІІІ ҚР Заңының 5-бабының қағидаттары  сақталды: сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілмеді.

Округ әкімі аппаратымен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулар уақытылы және тиісті деңгейде жүргізілуде.

Осы Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты   шектеулер талаптары сақталды.

Сырым аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлері тікелей басшымен туыстық қарым-қатынаста емес.

2024 жылғы 01 қыркүйек және 2025 жылдың 01 қыркүйек аралығында аралығындағы  кезеңде бөлімде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

Ұсыныстар:       Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілмеуді қадаға

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты 2024 жылғы 01 қыркүйек және 2025 жылдың 01 қыркүйек аралығында 66 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетті.

 «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызмет регламенті» шешім шығару;

 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» жер учаскелерін алуға;

  «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту туралы» шешім шығаруға;

Соның ішінде: көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызмет - «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту туралы» -11 өтініш орындалды.

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызмет регламенті» - 11 өтініш орындалды.
  2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет менщігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 10 өтініш орындалды.
  3. «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту туралы» - 10 өтініш орындалды.
  4. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету -5 өтініш орындалды.Талдау нәтижесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер заң талаптарына сай және уақытылы орындалды. Қызмет алушылар тарапынан 2 өтініш иесімен кері қайтарып алды, 28 өтінішке бас тартылды.
  5. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2024 жылдың 01 қыркүйек және 2025 жылдың 01 қыркүйек аралығында 148 шешімдер тіркелді.Аталған кезеңде қабылданған шешімдерге наразылықтар мен заңға қайшы әрекеттер туындаған жоқ. Қабылданған актілер азаматтардың, заңды тұлғалардың, кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзушылық нормалары анықталған жоқ. Ұсыныстар: Заңға қайшы келетін немесе ескірген актілер анықталған жағдайда уақытылы сәйкесікке келтіру.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

«Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.

 6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген бақыланатын кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 369 612 млн. теңге қарастырылды, игерілгені 260 649 млн. теңге немесе 70,5% құрады.Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

          7.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

         Талданып отырған кезеңде бөлім мемлекеттік сатып алу рәсімдерін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасына сәйкес жүзеге асырды.

          Мемлекеттік сатып алу барысында:

          баға ұсыныстарын сұрау тәсілі;

          бір көзден сатып алу тәсілі қолданылды.

          Сатып алу рәсімдері кезінде мүдделер қақтығысы және сыбайлас      жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1.    Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

         Бөлім қызметкерлері келесі ақпараттық жүйелерді пайдаланады:

         «Documentolog»;

         «Е-өтініш»;

         «Е-Акимат»;

         «Е-қызмет»;

         «Қазынашылық–Клиент»;

         «1С-бухгалтерия».

        Ақпараттық жүйелердің ашықтығы мен қайталанбауы қамтамасыз етілген. Талдау барысында ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз шағымдарымен жұмыс Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы 350-VI «Қазақстан Республикасының әкімшілік-рәсімдік процестік кодексі» негізінде жүргізіледі. Ауылдық округ әкімі аппаратына түскен өтініштер «Е-өтініш»  ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.Бақыланатын кезең бойынша бөлімге 295 өтініш қарастырылып уақытылы орындалды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы өтініштер мен шағым түскен жоқ. Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері орын алған жоқ.

     Қорытынды: Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында күрделі мәселелер анықталған жоқ. Округ әкімі  аппараты жұмыстың өту барысы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.

«Қособа ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Талдау Қособа ауылдық округі әкімінің аппараты 2025 жылғы 23 қыркүйектегі №14 «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде  Қособа ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Аманшин жүргізді.

1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

«Қособа ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 4 мемлекеттік қызметкер және 4 штаттан тыс қызметкер жасайды.

Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған                       қызметкерлер және жұмысқа қабылданған қызметкерлер болмады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

«Қособа ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 200 ауыл тұрғынына «Egov» порталындағы электрондық қызмет көрсетілді.

Талданатын кезеңде «Қособа ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 7.

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер 1.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат бақылау-тексеру функциялары жоқ. 

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

          Аппаратта талдау жүргізілген бақыланатын кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 42724,1 мың теңге қарастырылды, игерілгені 42723,2 мың теңге немесе 100% құрады.

Талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

         Талданып отырған кезеңде аппаратта жалпы сомасы 11263.6 мың теңгеге 60 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Келесі тәсілдермен сатып алулар жүргізілді:

         1) ашық конкурс арқылы сатып алулар ұйымдастырылмады;

         2) баға ұсыныстарын сұрау 5621.8 мың теңге сомасына 30 сатып алу;

         3) бір көзден 1766.9 мың теңге сомаға 11 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

         4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 3703.3 мың теңге сомаға 17 сатып алу;

          5) негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі бойынша 0 мың теңге сомаға 0 сатып алу жүргізілген.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«ЕСЭДО» ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-халық» ақпараттық жүйесі;

«E-lisence» бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;  

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды, сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талданатын кезеңде «Қособа ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жеке және заңды тұлғалардан 17 сұрау салу,  3-өтініш келіп түсті. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша өтініштер келіп түспеген. «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік процестік» кодекісіне сәйкес өтініштердің қарастыру мерзімі мен қарау тәртібі қатаң сақталды.

«Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Талдау Аралтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты 2025 жылғы 01 қыркүйектегі №  «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде  Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маманы Т.Сагингалиев жүргізді.

1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

«Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 4 мемлекеттік қызметкер және 4 штаттан тыс қызметкер жасайды.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

«Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 232 ауыл тұрғынына «Egov» порталындағы электрондық қызмет көрсетілді.

Талданатын кезеңде «Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3.

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

  1.         Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат бақылау-тексеру функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген бақыланатын кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес 45 256,9 мың теңге қарастырылды, игерілгені 45 222,74 мың теңге немесе 99,9% құрады. Талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Талданып отырған кезеңде аппаратта жалпы сомасы 16 557,8 мың теңгеге 45 мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның сатып алу шарты бұзылмады. Келесі тәсілдермен сатып алулар жүргізілді:

1) ашық конкурс арқылы сатып алулар ұйымдастырылмады;

2) баға ұсыныстарын сұрау 8 631,79 мың теңге сомасына 22 сатып алу;   3) бір көзден 1 866,68 мың теңге сомаға 9 сатып алу шартын тікелей жасасу арқылы;

4) өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 6 059,23 мың теңге сомаға 14 сатып алу жүргізілген.Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«Lotus»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

«Е-халық» ақпараттық жүйесі;

«E-lisence» бірыңғай платформасы;

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талданатын кезеңде «Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жеке және заңды тұлғалардан 10 өтініш келіп түсті, өтініштері уақытылы қаралып, жауап берілді.

«Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Талдау Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты 2025 жылғы 04 қыркүйектегі №6 «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде  Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маманы А.Ибрашева жүргізді.

1.Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

«Алғабас ауылдық округі әкімінің   аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде жалпы штат саны мемлекеттік қызметшілер-4, штаттан тыс қызметшілер- 5 адам.

Мамандар арасында тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер  орын алған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталмады.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

«Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 182 ауыл тұрғынына «Egov» порталындағы электрондық қызмет көрсетілді.

Талданатын кезеңде «Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 9.

Соның ішінде,

  1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»- 6 өтініш орындалды.
  2. «Сауда-саттыкты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншегіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»- 1 өтініш орындалды.
  3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»-2 өтініш.

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат беру функциялары жоқ.

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Ережеге сәйкес аппаратта рұқсат бақылау-тексеру функциялары жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Аппаратта талдау жүргізілген бақыланатын кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес бюджетті игеру 100 % құрады.

Талдау жүргізу барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

 Талданып отырған кезеңде аппаратта жалпы сомасы 9213,0 мың теңгеге 33 мемлекеттік сатып алу жүргізді саны 33 мемлекеттік сатып алу жасалды, оның 6 тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес «Баға ұсыныстарын сұрау арқылы» тәсілімен 13 келісім шарт жасалды және өткізілмеген  сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілі арқылы 13 келісім шарт жасалды, рамалық келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі 1 негіздемелік келісім жасалды.

Келесі тәсілдермен сатып алулар жүргізілді:

1) ашық конкурс арқылы сатып алулар ұйымдастырылмады;

2) баға ұсыныстарын сұрау 925,0 мың теңге сомасына 10сатып алу;

3) бір көзден 3566,0 мың теңге сома, 6 сатып алу шарт;

4)өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден 3328,0 мың теңге сома, 13 сатып алу;

5) электрондық дүкен арқылы 578,0 мың теңге сома, 4 сатып алу; Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлері тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, сонымен қатар заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Аппарат қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда:

«ЭСЭДО»  ақпараттық жүйе;

«Е-өтініш» азаматтадың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы;

 «E-lisence» бірыңғай платформасы;

 «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«E-enbek» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі;

«Қазынашылық- клиент» ақпараттық жүйесі;

«1С-бухгалтерия» жүйесі;

Талдау жүргізу барысында ақпараттық жүйелердің ашықтығы, қайталанбауы анықталды,  сонымен қатар жүйелерді пайдалану  кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талданатын кезеңде «Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жеке және заңды тұлғалардан 28 өтініш келіп түсті, өтініштері уақытылы қаралып, жауап берілді (басым көпшілігі: жұмыс сұрау, қосымша жер телімдерін сұрау, ).

Өтініштерді қабылдаудан бас тарту фактілері орын алған жоқ.

Қорытынды: Алғабас ауылдық округі әкімінің   аппараты қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында күрделі мәселелер анықталған жоқ. Аппаратта жұмыстың өту барысы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Сырым ауданы әкімінің бас маман-заңгері                               Р.Жумагамбетова                                                             

Сырым ауданының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы                      Б.Кабекешова

Сырым аудандық экономика және

қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі                                           А.Оразаева

Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат

бөлімінің бас маманы                                                                    А.Мухангалиева

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы                  Е.Махметов

Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль 

жолдары бөлімінің бас маманы                                                     Е.Беккужин

Сырым ауданының жер қатынастар

бөлімінің бас маманы                                                                     Б.Тулегенов

Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және

 ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы                                 Г.Хангужина

Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының

заңгері                                                                                               А.Умирзакова

Қособа ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                                       Ж.Аманшин

Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                                       Т.Сагингалиев

Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маманы                                                                                        А.Ибрашева

Дата публикации
10 октября 2025