Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2025 жылғы 7 қыркүйегі күні Бұлдырты ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 9 қыркүйектегі №1.30/99 шешімімен Бұлдырты ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Бұлдырты ауылдық округінің әкімі болып Уалиахметов Нұрлыбек Бекболатұлы тіркелді, 1997 жылы туған, Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінің директоры, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылында тұрады, өзін өзі ұсынды.