АРАЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2025 жылғы 7 қыркүйек күні Аралтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 9 қыркүйектегі №1.30/98 шешімімен Аралтөбе ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Аралтөбе ауылдық округінің әкімі болып Жонисов Ержан Мержанович тіркелді, 1990 жылы туған, Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылының тұрғыны, өзін өзі ұсынды.

 

 

Дата публикации
09 сентября 2025