АРАЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 7 қыркүйегінде Сырым ауданы Аралтөбе сайлау округі бойынша Аралтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 559 азамат енгізілді, оның – 334-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «Барлығына қарсы» -5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ганиев А.Г. -19 (5,86%);
Ерниязова М.М. - 14 (4,32%);
Жонисов Е.М.- 291 (89,81%).
Аралтөбе ауылдық округінің әкімі болып Жонисов Ержан Мержанұлы сайланды. 1990 жылы туған, Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды,
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.