Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссияссының қаулысы №1.30/91 27.08.2025 ж.
№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сырым аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сырым ауданының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылдың 27 тамызынан басталады және 2025 жылғы 25 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан басталып, 30 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 аяқталады.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Сырым аудандық мәслихатының №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Сырым ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жариялансын.
Комиссия төрағасы М.Хасанов
Комиссия хатшысы Г.Кадирова