2025 жылдың 7 қыркүйегіне тағайындалған Сырым ауданының Аралтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауында  Аралтөбе ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының шешімі

15 тамыз 2025 жыл №1.30/87

 

 

 

 

 

 

 

2025 жылдың 7 қыркүйегіне тағайындалған

Сырым ауданының Аралтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауында

 Аралтөбе ауылдық округі әкімдігіне

кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

    

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/198 қаулысына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау  комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2025 жылдың 21 тамызында Аралтөбе ауылдық мәдениет үйінде Аралтөбе ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. Осы шешім Аралтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  3. Осы шешімнен туындайтын ұйымдастыру шараларының орындалуын бақылау Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Қ.Ишангалиевке жүктелсін.
  4. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                 М.Хасанов

 

Дата публикации
20 августа 2025