СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 15 тамыз күні Бұлдырты ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Бисенгалиев Асхат Тулегенович – 12.04.1989 ж.т, БҚО кәсіпкерлер палатысының Сырым ауданындағы филиалында кеңесші-менеджер, Жымпиты ауылының тұрғыны , өзін-өзі ұсынды.
- Коргамбаева Замира Салауатовна – 29.11.1980 ж.т, Бұлдырты ауылындағы ветеринариялық пункт меңгерушісі, Сырым ауданы, Бұлдырты ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.
- Уалиахметов Нұрлыбек Бекболатұлы – 01.05.1997 ж.т, Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінің директоры, Сырым ауданы, Бұлдырты ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы