СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 15 тамыз күні Аралтөбе ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Ганиев Асхат Ғаниұлы – 30.10.1984 ж.т, жұмыссыз, Сырым ауданы, Жымпиты ауылының тұрғыны , өзін-өзі ұсынды.
- Ерниязова Мәншүк Мәлікқызы – 15.08.1982 ж.т, Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.
- Жонысов Ержан Мержанұлы – 24.12.1990 ж.т, Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы