Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Қаулы №1.30/57
30 шілде 2025 жыл
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы
Бұлдырты ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына, 113-1-бабының 1 тармағы 1) тармақшасына және 2 тармағына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 7 қыркүйегіне тағайындалсын.
- Қоса беріліп отырған 2025 жылдың 7 қыркүйегіне тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Бұлдырты ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Сырым ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын.
- Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Комиссия төрағасы М.Хасанов
Комиссия хатшысы Г.Кадирова