БҰЛАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2025 жылғы 18 мамыр күні Бұланауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 20мамырдағы №1.30/46 шешімімен Бұлан ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Кульбаев Айдарбек ФархатовичБұлан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді, 1989 жылы туған, Бұлан ауылдық мәдениет үйінің директоры, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлан ауылында тұрады, өзін өзі ұсынды.