САРОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА  

САРОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАМА

 

2025 жылдың 18 мамырында Сырым ауданы Сарой сайлау округі бойынша Сарой ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 458 азамат енгізілді, оның – 296 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Барлығына қарсы» -9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Брекеев Ж.Г. -10 (3,5%);

Мырзағалиев Н.Ж. - 255 (89,8%);

Шукатова А.М.- 19 (6,7%).

Мырзағалиев Нұрбек Жолдыбайұлы 1989жылы туған, Сарой ауылдық округінің ветеринариялық пункті меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Шағырлой ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынды, Саройауылдық округінің әкімі болып сайланды.

                                                       

                                                        Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.

 

Дата публикации
18 мая 2025