ЖОСАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА  

ЖОСАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАМА

 

2025 жылдың 18 мамырында Сырым ауданыЖосалы сайлау округі бойынша Жосалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 458 азамат енгізілді, оның – 256 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 8, «Барлығына қарсы» -4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ихсанова Д.Е. -29 (11,9%);

Муса С.Н. - 206 (84,4%);

Мутиев Р.Т.- 9 (3,7%).

Муса Сәкен Нұркенұлы 1994 жылы туған, Сырым ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды, Жосалыауылдық округінің әкімі болып сайланды.

                                                       

                                                        Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.

 

 

 

Дата публикации
18 мая 2025