САРОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ

САРОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТАР ТІРКЕЛДІ

 

СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

        

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 26 сәуірі күні Сарой ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Брекеев Жаннат Гиззатович – 01.08.1967 ж.т, Жамбыл негізгі орта мектебінің директоры, Сырым ауданы, Жамбыл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.
  2. Мырзагалиев Нурбек Жолдыбаевич – 02.11.1989 ж.т, Сырым аудандық ветеринария станциясының Сарой ветеринарлық пункттің меңгерушісі, Сырым ауданы, Шағырлой ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынды.
  3. Шукатова Асем Магалимовна – 17.01.1995 ж.т, «Қайсар» спорт клубының статисті, Сырым ауданы, Жымпиты ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынды.

 

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
26 апреля 2025