Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
2025 жылдың 9 сәуіріндегі №8 қаулысы
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы
Бұлан, Жосалы және Сарой ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1- тармағының 1)-тармақшасына, 2, 4-тармақтарына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлан, Жосалы және Сарой ауылдық округтері әкімідерінің сайлауы 2025 жылдың 18 мамырына тағайындалсын.
- 2025 жылдың 18 мамырына тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлан, Жосалы және Сарой ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Сырым ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы аудандық «Сырым елі» қоғамдық–саяси газетінде және Сырым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға М.Хасанов
Хатшы Г.Кадирова