Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабар - 9.07.2021
Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының 113-5 бабына сәйкес, 2021 жылы 9 шілде күні Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша Бұлан ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
- Таскалиев Руслан Болатұлы - 1983 жылы туған. «Қазақстан Халық партиясынан» ұсынылған. Жымпиты ауылдық округі Жымпитыі ауылының тұрғыны. Жұмыс орны – МКК «Сырым» директоры..
- Адилгереев Мұрат Мендибайұлы - 1969 жылы туған. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынған. Жымпиты ауылдық округі Жымпиты ауылының тұрғыны. «Қазпошта» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының республикалық арнайы байланыс қызметі фельдъегер.
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша Жослаы ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
- Иманкулов Батырғали Рамазанұлы - 1989 жылы туған. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған. Жосалы ауылдық округі Қоңыр ауылының тұрғыны. "КазГеоКарт" ЖШС директорының орынбасары
- Сагидуллин Боранбай Утебаевич – 1964 жылы туған. «Қазақстан Халық партиясынан» ұсынған. Жымпиты ауылдық округі, Жымпиты ауылының тұрғыны. Сырым ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының статисті.
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша Сарой ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
- Жакиев Айбол Каримуллаұлы - 1969 жылы туған. «Nur Otan» партиясынан ұсынылған. Сарой ауылдық округі Шағырлой ауылының тұрғыны. Сырым ауданы, Сарой ауылдық округінің әкімі.
- Утекешов Асхат Талғатұлы – 1992 жылы туған. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Жымпиты ауылдық округі, Жымпиты ауылының тұрғыны. Сырым ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы.