Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Бұлан, Жосалы және   Сарой ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын  2021 жылғы 25 шілдеге тағайындау  туралы  

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданының Бұлан, Жосалы және  

Сарой ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындау  туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2 – 3 - тармақтарына сәйкес Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Бұлан, Жосалы және Сарой ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалсын.
  2. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Бұлан, Жосалы және Сарой ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Аталған ауылдық округтердің әкімдері Сырым ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Бұлан, Жосалы және Сарой ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
  5. 5. Осы шешімнің көшірмесі Сырым ауданының әкіміне, Сырым аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.
  6. Осы шешім аудандық «Сырым елі» қоғамдық – саяси газетінде және сайтта жариялансын.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                  Ө.Уашев

 

Дата публикации
20 января 2025