Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Аралтөбе ауылдық округі  әкімінің сайлауын 2021 жылғы 19 қыркүйекке  тағайындау  туралы  

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданының Аралтөбе ауылдық округі

 әкімінің сайлауын 2021 жылғы 19 қыркүйекке

 тағайындау  туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2 – 3- тармақтарына сәйкес Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 19 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. 2021 жылғы 19 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Аралтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Аталған ауылдық округінің әкімі Сырым ауданының Бас

      мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Аралтөбе ауылдық          

      округі әкімінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірлердегі  

      эпидемиологиялық  жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің     

      санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.

  1. 5. Осы шешімнің көшірмесі Сырым ауданының әкіміне,

          Сырым аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.

  1.     Осы шешім аудандық «Сырым елі» қоғамдық – саяси   

          газетінде және сайтта жариялансын.

 

 

Аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                       Ж.Батырниязов

Дата публикации
20 января 2025