Ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабар
Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы Заңының 113-5 бабына сәйкес, 2022 жылы 25 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы бойынша Алғабас ауылдық округі әкімдігіне кандидат болып тіркелгендер:
- Әменов Өркен Самиғоллаұлы - 1976 жылы туған. «AMANAT» партиясынан ұсынылған. Алғабас ауылдық округі Алғабас ауылының тұрғыны. Жұмыс орны – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Алғабас ауылы әкімі.
- Тоқтаров Арман Мәжитұлы - 1982 жылы туған. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Жымпиты ауылдық округі Жымпиты ауылының тұрғыны. Жұмыс орны - Сырым аудандық жер қатынастары бөлімінің басшы.
- Өмірзақов Сәбит Сайлауұлы - 1987 жылы туған. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Жымпиты ауылдық округі Жымпиты ауылының тұрғыны. Жұмыс орны - «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» құрылымдық бөлімше басшысы.