ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 21 тамызда Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі бойынша сайлауы өтті.
Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданының ауылдық округ әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 390 азамат енгізілді, оның ішінде 281 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–0, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар -0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абсатыров–38; Аубекеров Э.А.–29; Балгалиев А.Б. –214.
Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Балғалиев Айдынғали Базарғалиұлы сайланды,1986 жылғы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінде дүние келген. Талдыбұлақ ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылында тұрады."AMANAT" партиясы ұсынған.
Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 23 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 21 тамызда сайланған Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімін тіркеді
Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы