Талдыбұлақ ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2022 жылғы 21 тамызда Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі.
Талдыбұлақ ауылдық округі әкімін сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 390 азамат енгізілді, соның ішінде 281 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны 0. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абсатыров К.М. – 38;
Аубекеров Э.А. – 29;
Балгалиев А.Б. – 214.
Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Балғалиев Айдынғали Базарғалиұлы сайланды. 1986 жылы туған, жұмыссыз. Мекенжайы: Сырым ауданы, Талдыбұлақ ауылы. «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы