Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну туралы хабар
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-3 бабына сәйкес, 2022 жылдың 28 шілдесі күні Талдыбұлақ ауылдық округі әкімдігіне үміткер болып, өзін-өзі ұсыну жолымен Абсатыров Қайрат Мұраұлы аумақтық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарын тапсырды.
Ол Сырым ауданы Жымпиты ауылының тұрғыны, жоғары білімді, А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің «Мектептен тыс тәрбие орталығы» МКҚК директоры қызметін атқарады.