Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын  2022 жылғы 21 тамызға тағайындау  туралы

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданының Талдыбұлақ

ауылдық округі әкімінің сайлауын

 2022 жылғы 21 тамызға тағайындау  туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2 – 3- тармақтарына сәйкес Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 21 тамызға тағайындалсын.
  2. 2022 жылғы 21 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешім аудандық «Сырым елі» қоғамдық – саяси  

          газетінде және сайтта жариялансын.

 

 

     Аудандық аумақтық сайлау

     комиссиясының төрағасы                                           Ж.Батырниязов

 

Дата публикации
13 января 2025