БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы, сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) қызметі туралы сарапшылармен сұхбаттар топтамасы жалғасуда.
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары нарықтық жағдайларда елімізде де, шетелде де әртүрлі валютада сан алуан қаржы құралдарына инвестицияланады. Бұл кең таралған әлемдік тәжірибе. Әлемдегі зейнетақы қорлары салымшылардың зейнетақы капиталын инвестициялау және көбейту жолында тартымды да тиімді мүмкіндіктерді үнемі іздестіріп отырады. Қазақстанда зейнетақы жинақтарын инвестициялаумен кім және қалай айналысады? Оларды жеке басқарушы компанияларға аударуға бола ма? Шарттары қандай?
Бұл туралы БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында «БЖЗҚ» АҚ Инвестициялық портфельді талдау басқармасының бастығы Ләззат Әмірғалиева мен Зейнетақы активтерін есепке алу және есептілік департаменті директорының орынбасары Әлия Түсеева әңгімелеп береді.
Сұхбатты мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=Uf1dLsqo8u4
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыз.