СЫРЫМ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

СЫРЫМ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2023 жылғы 2 шілдеде Сырым ауданы Қособа сайлау округі бойынша Қособа ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сырым ауданының Қособа ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 669 азамат енгізілді, оның – 378 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны- 11, «Барлығына қарсы» - 19.

Әр бір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жайманов Б.Е. - 266 (70,3%)

Искаков А.С.- 30 (7,9%)

Утепов Е.И. –52 (13,7%)

Жайманов Беймбет Есетович «AMANAT» партиясы ұсынған, Жырақұдық ауылының тұрғыны, 1969 жылы туған, Қособа ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Дата публикации
30 декабря 2024