Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Қособа ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Жымпиты ауылы,

2023 жылғы 24 мамыр,

№13/27

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Қособа ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1)-тармағына және 113-1-бабының 2, 3 тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабына сәйкес Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Қособа ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылдың 2 шілдесіне тағайындалсын.
  2. Қоса беріліп отырған 2023 жылдың 2 шілдесіне тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Қособа ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Сырым ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын.

 

 

Сырым аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                        Ж.Батырниязов

 

 

 

Дата публикации
30 декабря 2024