2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша
Аудан әкімдігінің 2019 жылдың 04 желтоқсандағы № 53 бұйрығымен бектілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес 2020 жылға 8 мекемеде ішкі бақылау шараларын жүргізу тиіспіз. 8 мекеменің жоспарға сәйкес І тоқсанда бір ведомствалық бағынышты мекемеде ішкі бақылау шараларын жүргізу тиіс едік, алайда төтенше жағдайларға байланысты ІІ тоқсанға аудан әкімі аппаратының бұйрығымен кейінге шегерілді.
Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Сырым ауданының (12) ауылдық округ әкімі аппараттары және (8) дербес бөлім, ведомствалық бағынысты (28) ұйым мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2020 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша жалпы- 2272 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 389;
- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 592;
- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны -920;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны –371;
- Осы тоқсанда мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.
Сырым ауданының ресми сайтына және ауданның facebook-ғы әлеуметтік желісіне электронды үкімет порталын кеңінен насихаттауға байланысты, көрсетіліп жатырған мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау мақсатындағы бейне роликтер орнатылды.
Төтенше жағдай кезінде ХҚКО өз жұмыстарын тоқтатуына байланысты шалғай ауылдағы тұрғындарға талшықты оптикалық байланыс желісіне қосылған елді мекендерде өз өзіне қызмет көрсету бұрыштары іркіліксіз жұмыс жасап халыққа қызмет көрсетуде. Осыған дейін баламалы түрде қағаз тасымалдағышта көрсетілген мемлекеттік қызметтер түгелдей e.gov.kz электронды үкімет порталы арқылы көрсетілуде. Басында аудандық АХАЖ қызметінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алуға байланысты кедергілерге тап болғанымен бірте бірте ол мәселелерде шешілді. Аудан тұрғындарын мобильды азаматтар базасына тіркеу, Электронды цифрлы қолтаңбаны қашықтан алу, Жұмыссыз азаматтарды есепке қою, Тууды тіркеу, Тұрғын үй көмегін тағайындау т.б. күрделі мемлекеттік қызметтерді алуға электронды анықтамаларды есептемегенде ауылдық елді мекендердегі өз өзіне қызмет көрсету бұрыштарына жауапты бас мамандар көмектесті.